Жалпы гидробиология. Б. Минсаринова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Жалпы гидробиология - Б. Минсаринова страница 23

Название: Жалпы гидробиология

Автор: Б. Минсаринова

Издательство: КазНУ

Жанр: Учебная литература

Серия:

isbn: 978-601-04-2166-0

isbn:

СКАЧАТЬ су массасы эпилимнионмен салыстырғанда аз, оттекке кедей, ал стагнацияның басында тіпті мүлдем болмайды десек те дұрыс. Бұл топқа, негізінен, шағын, су қабаты жазда түбіне дейін жақсы жылитын көлдер жатады.

      Олиготрофты (аз қоректі) көлдерде биогендердің суға түсуі шамалы, сондықтан фитопланктон аз және соған сәйкес бактериопланктон, зоопланктон, зообентос және балықтардың да саны аз. Бұларға көпшілік жағдайда кристалдық тау жыныстарының ортасында орналасқан терең көлдер жатады. Гиполимнион эпилимнионнан асып түседі, оттекке бай. Терең көлдердің гиполимнион табанындағы шөгінділерде органикалық заттар өте аз, осыған орай олардың оттекке қанығуы 60-70 % – дан аспайды. Судың мөлдірлігі жоғары дәрежеде көк және жасыл түсті болады. Литораль шамалы дамыған, сутүбі шөгінділері органикаға кедей.

      Мезотрофты көлдерге олиготрофты және эвтотрофты көлдердің аралықтарындағы орын алатын көлдер жатады.

      Дистрофты (қорек жеткіліксіз) көлдерге көпшілігінде батпақтанған алаптардағы таяз, шалшықтанған грунттары шымтезектен түзілген, планктон, бентос өте нашар дамыған, балықтар мүлдем кездеспейтін көлдер жатады. Судың мөлдірлігі өте төмен: түсі сары, қошқыл немесе қоңыр болып келеді. Дистрофты көлдер, әдетте, уақыт өткен соң шымтезекке толып батпаққа айналады. Табиғаттағы көлдерді осындай топтарға бөлу өте қиын. Сондықтан мұндай көлдерді жіктеген кезде, негізінен, олардағы биоалуантүрліліктің сандық мөлшері және гидробионттардың даму жағдайы, суқоймаларының гидрологиялық және гидрохимиялық ерекшеліктері ескеріледі.

      Тіршілік жағдайлары. Көлдегі негізгі абиотикалық факторларға – судың қозғалысы, температура, жарықтың дәрежесі, суда еріген заттар және грунттың ерекшелігі жатады. Судың қозғалысы ағыс, толқындау және иірім түрінде болады.

      Көлдің температуралық режимі оның географиялық орна-ласуына және судың тік бағытта айналу ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен қатар судың араласуына жел және толқындарда үлкен маңызға ие болады. Қоңыржай ендіктегі көптеген көлдерде жазда да, қыста да температуралық дихотомия байқалады және осыған сәйкес судың тығыздық стратификациясы болады. Нәтижесінде судың тік бағытта айналымы бұзылады және суқоймаларында тоқырау кезеңі немесе стагнация басталады. Көктемде судың суық жоғары қабаты +4ºС-қа дейін жылынады, оның тығыздығы артып, ол төмен түсе бастайды. Оның орнына төменнен біршама суық, бірақ тығыздығы төмен су қабаты көтеріледі. Су айналу нәтижесінде суқоймаларында судың барлық қабатында температурасы біркелкі + 4ºС болатын гомотермия басталады. Ары қарай судың үстінгі қабатында температураның артуымен байланысты оның тығыздығы кемігендіктен ол тереңге түспейді. Бірте-бірте жылына бастағаннан температуралық дихотомия күшейеді. Жылы және суық шекарасын термоклин деп атайды және бұл шекара бірте-бірте жайлап төмендей береді. Жаздық стагнация басталады. Күзде судың беткі қабаты суып, тығыздылығы артып ол термоклиннен төмен түседі, су араласып күзгі гомотермия басталады. Судың СКАЧАТЬ