Жалпы гидробиология. Б. Минсаринова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Жалпы гидробиология - Б. Минсаринова страница 22

Название: Жалпы гидробиология

Автор: Б. Минсаринова

Издательство: КазНУ

Жанр: Учебная литература

Серия:

isbn: 978-601-04-2166-0

isbn:

СКАЧАТЬ қарай көлдер мұздық, тектоникалық, реликті, карстылық немесе ойылған көлдер деп бөлінеді. Мұздық көлдер мұздықтардың эрозиялық әсерінен, әсіресе плейстоцен кезінде пайда болған. Мұздықтардың еруі кезінде көп мөлшерде тау жыныстары (саз, балшық, малта тас, құм) тасымалданған және морена түрінде шөгінділер қалып отырған. Тектоникалық көлдер (Байкал, Телец көлдері және басқалары) жер қабатының жылжуы және ойылуы немесе жер қыртысының опырынды ойыстарында зілзала және басқа да тектоникалық құрылыстар кезінде пайда болады. Әдетте, бұл көлдер терең, созылыңқы және ауданы үлкен болып келеді, мысалы, мұндай көлдер Солтүстік Даувага суалабында, Еділ – Онега су айрығында кездеседі. Реликті көлдерге – қалдық көлдер (мысалы, Каспий мен Азов көлдері кезінде болған Сармат көлінің қалдығы, кейіннен олар Қара теңізден құрлықтың көтерілуіне байланысты бөлінген), ал карстық көлдер тау жыныстарының, әсіресе известняктың, еруінен пайда болады. Бұл көлдердің қазаншұңқыры әдетте аса үлкен болмайды, кейде терең болады. Теңіз жағалауларында көл сияқты суқоймалары лагундар мен лимандар болады. Алғашқысы теңізден бөлінген шығанақтар, екіншілері теңізден жайылған судың құмды мүйіспен бөгелуі нәтижесінде пайда болатын көл.

      Қазаншұңқырларының қалыптасу сипатына қарай көлдер бөгелген немесе тоғандалған, шұңқырлы және аралас көлдер болып бөлінеді. Бөгелген көлдер өзен аңғарларын тау көшкіндері, сырғымалар, мұздықтар, шөгінділер басып қалған жағдайда пайда болады. Мысалы, Іле Алатауындағы Көлсай өзеніндегі көлдер – Төменгі (Бірінші) Көлсай, Орта (Екінші) Көлсай, Жоғарғы (Үшінші) Көлсай, Есік өзеніндегі Есік көлі осыған мысал болып табылады. Аралас текті көлдер жер бетінде көптеген факторлардың әсерінен пайда болған. Мысалы, көптеген тектоникалық көлшұңқырлар кезінде мұздықтардың әсерінен айтарлықтай өзгеріске ұшыраған. Ладога, Онега және Телец көлдерінің тегі аралас болып келеді.

      Көлдер қоректену сипатына қарай ақпа және тоспа (тұйық) деп екі топқа бөлінеді. Екі типтегі көлдердің суға толу көздері жауын-шашын, еріген қар, өзендер. Ақпа көлдер белгілі өзенге бастау болса, тұйық көлдерде ешқандай су көзі ағып шықпайды, су тек булануға ғана шығындалады.

      Көл қазаншұңқырында суасты террассасы болады, ол құрлықтан баяу төменделуімен сипатталады. Одан кейін ол тік жарға жалғасып – құлама беткей болып келеді, ол бірте-бірте жайлап қазаншұңқырға ауысады, оны көлдің табаны немесе көл табақшасы деп те атайды. Көл табанында жаға, жағалау және тереңдік бөліктері болады. Жаға – көлді қоршай орналасқан беткей түріндегі құрлықтың бір бөлігі. Жағаның етегі толқын әрекетінің жоғары шегарасында орналасқан. Ол біртіндеп бұзылуының нәтижесінде құрлыққа қарай шегінуге мәжбүр болады. Жағалау – толқындар әрекетінің зонасы. Бұл зонаның тек күшті толқын кезінде ғана жағаға жететін құрғақ жағалау бөлігі болады. Су деңгейінің көтерілуіне қарай әлсін-әлсін су астында қалып отыратын бөлігін суасты жағалауы деп атайды (5-сурет).

СКАЧАТЬ