Название: Ежелгі жəне орта ғасырлардағы түркі тайпалары мен Иранның мəдени, саяси қарым-қатынастары
Автор: Жомарт Жеңіс
Издательство: КазНУ
Жанр: Учебная литература
isbn: 978-601-04-2163-9
isbn:
Осындай аса күрделi iшкi және сыртқы жағдайды реттеуге Аббас халифаты басшылығының дәрменi жетпедi. Олар саяси iстермен айналысып шиеленiскен мәселелердi шешудiң орнына ислам мұраттарын аяқ асты еттi. Исламның қатаң тыйым салғанына қарамастан Харун ар-Рашидтiң ұлы халиф ал-Амин 800 жылдар шамасында әтектерге құмар болғаны соншалық, оларды өз сарайында көптеп ұстады. Ол әдемi құл жiгiттер мен бозбалаларға арнайы хирургиялық операциялар жасап, жынысын өзгертiп, өзiнiң қызық құралына айналдырды. Тағы бiр халиф Абу ад-даул (982 жылы өлген) тұсында исламға қайшы келетiн әрекет жасап, халифаттағы бишiлер мен жезөкшелерден мемлекет қазынасына салық жинауды ойластырды. Ал Мысырдағы Фатимилер мемлекетiнде бұл iске асқан жүйе болатын. Мұсылман әлемiндегi ең сорақы құбылыстың тағы бiрi – түркiлер қолдауымен салынып, жұмыс iстеген Бағдад медресесiнiң шәкiрттерi шарап iшiп, гомосексуализммен және зинақорлықпен айналысты. Терең рухани дағдарыс, осылайша халифаттың ресми идеологиясы суннизмнiң рухани ошағы – медреселердi де жайлады.
Селжүк-түркiлердiң келуiмен бiрқатар келеңсiз құбылыстарға тойтарыс болғанымен, терең дағдарыстағы Аббас халифатының толық жойылмауы себептi, селжүк-түркiлерi де халифаттағы дiни басбұзарлыққа толық тойтарыс бере алмады. Тек орталық азиялық түркiлердiң тағы бiр легi – моңғол-түркiлердiң келуiмен және солар арқылы халиф билiгiнiң толық тоқтауымен ғана ислам қоғамындағы «қатерлi iсiк» алынып тасталды. Тiптi ибн ал-Асир, Мағризи, ибн Халдун сияқты тарихшылар моңғолдардың Иранды жаулап алуларына халиф себепшi болды дейдi. Осы мәлiметтен-ақ түркiлердiң Иран жерiн жаулап алуының дiни негiзiн көруге болады.
Түркiлер келуi қарсаңында ислам қоғамы үшiн ең өзектi мәселелердiң бiрi – ол исламдағы әртүрлi дiни ағымдар арасындағы алауыздықтардың өршуi едi. Пайғамбар (ғ.с.) қайтыс болған соң оның орынбасарларын тағайындау алауыздықтардың негiзгi себепшiсi болды. Осы мәселе төңiрегiндегi ортағасырлық мұсылман күпiртанушылық (ересографиялық) дәстүр Мұхаммед пайғамбарға түскен хадистен шықты. Онда иудейлердi 71 ағымға, христиандар 72 ағымға, ал мұсылмандар 73 ағымға бөлiнедi делiнген, соның 72-сi тозаққа түсiп бiрi ғана жұмаққа баратыны айтылған. Күпiртанушылық әдебиеттiң көрнектi өкiлi Абу л-Музаффар ал-Исфара'ини «Ат-табсир фи-д-дин ватамиз ал-фирка ан-наджиа» атты шығармасында «ислам елдерiнде қарапайым халықты алдап, олардың сенiмiн шатастыратын күпiрлер пайда болды» деп жазды. Ислам дiнi пайда болғаннан соң қысқа мерзiмде пайда болған осындай күпiрлiк ағымдар кейiн СКАЧАТЬ