Название: Ежелгі жəне орта ғасырлардағы түркі тайпалары мен Иранның мəдени, саяси қарым-қатынастары
Автор: Жомарт Жеңіс
Издательство: КазНУ
Жанр: Учебная литература
isbn: 978-601-04-2163-9
isbn:
2. «Шахнаме» дастанындағы түркілердің мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігі туралы мәліметтерді сипаттаңыз.
ІІ ТҮРКІЛЕР ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ИРАН ЖӘНЕ ТҮРКІСТАННЫҢ КӨШПЕНДІ ТҮРКІ ТАЙПАЛАРЫ (Х-ХІ ғ.)
2.1. ХІ ғасырдағы түркiлер қозғалысы қарсаңындағы аббасилiк Ирандағы дiни-саяси ахуал
Түркiлердiң ортағасырлық Иран мен ислам әлемiндегi тарихи маңызы олардың осы аймақтағы дiни-саяси ахуалдарға тигiзген әсерлерiмен өлшенедi. Мiне, сондықтан да салыстыра талдау мақсатында түркiлер жаулап алулары қарсаңындағы Ирандағы саяси-дiни ахуалдың қалыптасу деңгейiн қайта електен өткiзу осы тарау мiндетi болып тұр. Хронологиялық шегiнiске орын берiп, осы тарихи оқиғаларға талдау жасап кету және оның нәтижелерiн келесi тараушадағы түркiлердiң тарихи отандарындағы ұқсас жағдаймен салыстыра қарастыру зерттеуге арқау болар мәселелердi айқындауда ықпал жасары анық. Осы себептерге байланысты бұл тарауда, ең алдымен ислам дiнiнiң Иранға тарау ерекшелiктерi, жаңа дiннiң келуiмен байланысты Иранда орын алған саяси ахуал мәселелерi сөз болады.
Жалпы, түркiлердiң Иранды жаулап алу қарсаңында Иранда өте күрделi дiни-саяси ахуал қалыптасты. Оларды топтап көрсетер болсақ: 1) ислам дiнi мен оны таратушылардың ирандық көне дәстүрдi ұстанушылар тарапынан айтарлықтай қарсылыққа ұшырауы; 2) ислам дiнi мен араб үстемдiгiне наразылық ретiнде бiрнеше ұсақ мемлекеттердiң пайда болып, елдiң саяси бытыраңқылыққа ұшырауы; 3) саяси-дiни дағдарысқа қарсы тұрарлық бiрден-бiр саяси күш – халифат билiгiнiң осалдығы; 4) дәстүрлi исламға қайшы келетiн дiни ағымдардың пайда болуы және осының негiзiнде дiни алауыздықтың өршуi; 5) Ирандағы саяси дағдарыс. Осы мәселелердi жеке-жеке талдау, кейiнгi тарауларда түркiлер жаулап алуларынан кейiнгi осы ахуалдың өзгерiске түскенiн салыстыра талдау – зерттеу мақсатының бiр бөлiгi.
Сонымен, Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбар қайтыс болған соң бiр жылдан кейiн оның бiрiншi орынбасары Әбу Бәкiр кезiнде сасанилiк Иранды арабтардың жаулап алуы басталды. Арабтарға өз еркiмен бағынғандар бiр жолғы контрибуция мен әр жыл сайынғы салық төлеу керек болды. Арабтар мұсылмандардан басқа христиан, иудей, заратуштра дiнiн ұстанушыларды «зиммиялар» деп атады. Рей мен Құмда бұлардың саны бес жүз мың болды. Олар өз дiнiн, әдет-ғұрпын сақтауға мүмкiндiк алғанымен, дiнсiздерден алынатын салық төлеуге мәжбүр болды.
VІІІ-ІХ ғасырларда араб халифатының исламды қабылдауымен Иран халқы да бiртiндеп исламдана бастады. Дегенмен көптеген парсылар дәстүрлi дiндерi – зороастризмге адалдығын сақтап, жасырын түрде, кейде ашықтан-ашық ескi нанымдарын дәрiптей бердi. Истахри, тiптi ІХ-Х ғасырларда Фарс жерiнде халықтың көпшiлiгi зороастризм дiнiнде болғанын және ол жерде көптеген от храмдарының жұмыс iстегенiн, омейялар (661-750) кезiндегi Керман халқы ашық түрде зороастризмдi ұстанғанын, Шиз қаласы мен бiрқатар Каспий маңы аймақтары, Гилян, Мазандеран, Горган қалалары көне дiн орталықтары болып қала бергендiгi жайлы жазады. Фарс провинциясындағы Истахр қаласы осындай қалалардың бiрi болды.
Бұған қарамастан, Иран жерiнiң араб халифатының құрамдас бiр бөлiгiне айналу процесi шапшаң СКАЧАТЬ