Название: Ежелгі жəне орта ғасырлардағы түркі тайпалары мен Иранның мəдени, саяси қарым-қатынастары
Автор: Жомарт Жеңіс
Издательство: КазНУ
Жанр: Учебная литература
isbn: 978-601-04-2163-9
isbn:
Жырда түркiлердiн арасында жұлдызшылар маңызды орынға ие болғандықтары жайлы деректер мол. Солардың бiрiнде:
Зе Туркон иеки буд Бозур ном
Бофсукн бехар джой гостарде кам
Биомухте кажи ва жови.
Түркiлерде Бозур атты бiреу болды
Оның сиқыры барлық жерге жүредi.
Сиқыр мен жадылықты меңгерген.
Осы бақсыны Пиран ирандықтарға жұмсайды:
Ке аз ой дар бороу то саре тиғе кух
Барф ва сармо ва бод дамон
Баройшон биобар хам ондар замон.
Осы жерден тау басына бар
Сол мезет оларға қар, суық жел жiбер.
Бұдан соң түркілер ирандықтарға шабуыл жасайды. Жеңіліп бара жатқан ирандықтар аспанға назар аударып:
Сепах дор ва гардан кешон он замон
Гeрефтанд зори суй осмон.
Ке ей! Бар тар аз дош ва хуш ва рой
На дар джой, ва на зире джой
Хаме бандей порнегохе тим.
Ве би чореше дод хохе туйн.
Зе афсун ва аз джодуй бартари
Джахондор ва бар девороне девори.
То тавонтар аз оташ ва аз мехрин.
Қолбасшы мен сарбаздар
Сол кезде аспанға қарап зар иледi,
Ей! Барлығынан биік Жаратушы!
Бiр жерде емессің, жер асты, үстінде де емессің!
Барлығына сенің қырағы көзіңнің құлымыз,
Сенің жолыңда бейшарамыз.
Барлық сиқыршы мен бақсыдан күштiсiң, әлемнің билеушісің. Құдайлардың құдайысың, оттан да күштiсiң!
Отқа табынушы ирандықтардың аспанға назар аударуы бұл қиналған кезде түркiлердiң Тәңірі – Аспанына назар аударуы секілді еді. Тiптi олар Тәңірі – Аспанды мадақтағанда, оны оттан да жоғары қояды да, олар Тәңірден:
Аз ин барф ва сармо фариодарс,
Надорим фариодарс джозе Ту касс, –
дейді.
Мына қар мен суыққа қарсы Сенен басқа ешкiмнiң көмегіне сүйене алмай отырмыз.
Бақсы көмегімен жауға қарсы қар, суық жiберу түркiлер үшiн үйреншiктi нәрсе болды. Жырдың тағы бiр жерiнде:
Ба аз ин ру бар омад иеки тонд бод
Ке каси ро аз Ирон набод разм иод,
Иеки абре тонд андар омад чу гард
3е сармо хами лаб бедандон фесард.
Саро парде ва хамихо гашт иах
Кешид аз бар кух бар барфе йах.
Бұл тараптан бiр ала құйын шықты,
Оның артын ала дөңгелеген бұлт шықты.
Суықтан еріндер тіске жабысты,
Шатырлар мұзға оранды,
Тау басынан қар жауды.
Жырда тұрандықтардың дәстүрiнде түс жорушылар мен жұлдызшылар да маңызды орын алатыны шебер бейнеленген. Мысалы, Афрасиаб түс көргенде оны жорытуға адам iздестiредi. Сонда Гарсиуз былай дейді:
Гозарандейхе хоб бояд каси ке
Аз донеш СКАЧАТЬ