Название: Ежелгі жəне орта ғасырлардағы түркі тайпалары мен Иранның мəдени, саяси қарым-қатынастары
Автор: Жомарт Жеңіс
Издательство: КазНУ
Жанр: Учебная литература
isbn: 978-601-04-2163-9
isbn:
Жалпы, түркiлердiң исламды қабылдауына бiрнеше маңызды факторлардың тiкелей қатысы болды. Бұл факторларды атап айтар болсақ, олар: 1) географиялық фактор; 2) исламның түркiлердiң дәстүрлi дүниетанымымен, әсiресе Тәңiрi сенiмiмен сабақтастығы; 4) араб жаулап алулары мен соның нәтижесiнде ислам миссионерлерi мен ғұламаларының үгiт-насихат жұмыстары; 5) түркiлердiң билiк жүйесi мен исламдағы басқару принципiнiң ұқсастығы.
Ең алдымен, географиялық фактор – исламды бұрын қабылдаған дәстүрлi отырықшы аймақтармен көршi орналасу және олармен саяси-экономикалық байланыстарға түсуiн қарастырайық. Исламның Еуразия даласының түркi көшпелi және жартылай көшпелi тайпалары мекендеген аймағына енуi VІІІ ғасырда-ақ басталды, ал оның таралуы мен орнығуы жүздеген жылдарға созылды. Исламның таралуы географиялық жағдайларға да байланысты болды. Жергiлiктi, исламға дейiнгi мәдениет пен мұсылман моделiнiң өзара әсерiнен ІХ-ХІV ғасырларда аралас, синкретикалық түркi-ислам типiнiң мәдени дәстүрi қалыптасты. Мiне, сондықтан да кітаптың бастамасында түркi тайпаларының оңтүстiк тарапқа қарай жылжып, өздерiнiң отырықшы көршiлерiнiң иелiктерiне енуiне себепшi болған түркiлер территориясында ІХ-Х ғасырларда орын алған саяси оқиғаларға шолу жасау қарастырылады.
Көшпендiлер Орталық Азияның отырықшы халықтары территорияларын жаулап алу қарсаңында өз аймақтарында түрлi этникалық сапырылыстарға түстi. Олар мал жайылымдары мен өрiстерiне қажеттiлiктердiң өсуi салдарынан өзара жауласуға душар болып, әлсiздерi жеңiлiс тауып, өз иелiктерiн жеңiмпаз қарсыластарына беруге мәжбүр болды да, табын-табын малдарына жаңа жайылымдар iздеп, салыстырмалы бос жатқан жерлерге жөңкiлдi. Сондай-ақ көшпендiлермен арадағы сауданың дамуына байланысты маңызы өскен оңтүстiктегi қалаларға ие болуға бәсекелестiкте түркi көшпендiлерiнiң осы аймаққа келiп орналасуына себеп болды.
Т.К. Чоротегиннiң айтуынша: «ІХ ғасырдың ортасындағы (840 ж.) қырғыздар мен ұйғыр қағанатының соғысы, ІХ ғасырдың екiншi жартысынан Х ғасырдың басындағы қырғыздардың қимақтар тарапына, ал қимақ-қыпшақтардың Ертiс маңынан батысқа қозғалысы, Орхон ұйғырлары мен Енисей қырғыздарының шығыс Тянь-Шаньға келуi – Шығыс Түркiстанның жергiлiктi халқын батысқа айтарлықтай ығыстыруға, қарлықтардың Орталық Азияға орын ауыстыруы батыс Тянь-Шаньдағы халадждардың оңтүстiк-батысқа жылжуына, Сырдария маңы оғыздарының батысқа одан әрi жылжуына, қимақтар мен оғыздардың печенегтерге СКАЧАТЬ