Кәсіпкерліктегі менеджменттің көпфункционалды үлгілері. Қарлығаш Мұхтарова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Кәсіпкерліктегі менеджменттің көпфункционалды үлгілері - Қарлығаш Мұхтарова страница 7

СКАЧАТЬ Адам бір салада білім мен тәжірибе жинақтаса, оған дұрыс шешім «ұмытылған» ақпаратты еске алу нәтижесінде жылдам келеді. Мысалы, өрт сөндірушілер өз тәжірибесіне сүйеніп, болып жатқан өрттің ерекшеліктерін байқайды.

      Осылайша, бизнес әлемінің менеджерлері әрқашан да саналы деңгейде байқалмайтын ақпаратты қабылдап, өңдейді. Жинақталған білім және тәжірибеге оларға белгісіздік және сенімсіздік жағдайында шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

      Көптеген психологтар және психоневрологтардың зерттеулерінің нәтижелері соқыр сезімнің шешімдер қабылдаудағы маңыздылығын көрсетеді. Түйсікті зерттеу барысында, соқыр сезімнің когнитивті қабілеттері сана сезімнің когнитивті қабілеттерінен кейде асып түсетіні де анықталды. Говард Шульц Starbucks атауын жанұялыққа айналдырып, өзі Италияда көрген жақсы уақытты өткізу орнының café үлгісі АҚШ-да да қолданысын табатынын түйсігімен түсінген. Джерри Джонс та бірінен кейін бірі сәтсіздікке ұшыраған «Dallas Cowboys» командасын сатып алу шешімін түйсікке сүйеніп қабылдаған; кейін ол тағы түйсікке негізделіп қабылдаған шешімдерінің нәтижесінде команда қайтадан лидерлер қатарына шықты.

      Тағы бір мысал ретінде Fох теледидарлық жүйесін қарастыруға болады. Бұл жүйенің прайм-тайм уақыт аралығындағы бағдарламаларының рейтингінің Стивен Чао «America’s Most Wonted» және «Сорs» бағдарламаларын енгізгенге дейінгі жағдайы нашар болды. Басында, бұл криминалды сипаттағы тұрпайы шоу идеясы телекомпания қызметкерлерінің наразылығын тудырды, бірақ Чао және оның бастығы Барри Диллер өздерінің түйсіктеріне сүйеніп, бұл жобалардың іске асырылуына қол жеткізді.

      Сонымен қатар, түйсікке сүйеніп қабылданған шешімдердің теріс нәтижеге әкелген жағдайлардың мысалдары баршылық, сондықтан, зерттеулерде көрсетілгендей, менеджерлер абайлап шешім қабылдап, түйсікті тек ыңғайлы жағдайларда қолдану керек, өйткені ол барлық мәселені шешетін сиқырлы құрал емес. Менеджерлер екі шектің арасында шекара сызығын жүргізе алады: бір жағынан – алдын ала зерттеу жүргізбей еркін шешім қабылдау, екінші жағынан – рационалды сараптауға көп жүгіну. Олардың бірі екіншісінен артық емес, менеджерлерге теңдестірілген вариант қажет, ол үшін рационалдылықты да, түйсікті де тиімді шешім қабылдаудың маңызды компоненттері ретінде қарастыру қажет.

      Тапсырма. Жаңа менеджер ретінде өзіңіздің саяси қабілетіңізді мақсаттар мен мәселені шешу жолдары жөніндегі қайшылықтар жағдайында шешім қабылдау үшін пайдаланыңыз. Басқа менеджерлермен немесе қызметкерлермен әңгімелесіп, Сіз қолдайтын шешімді немесе мақсатты қолдаудың тиімділігін талқылаңыз. Ымыраға келуге және керек жағдайда басқа адамдарға қолдау көрсете үйреніңіз.

      Үлгілеуден пайданы тек екі шартты орындап қана алуға болады: Үлгі түпнұсқаның зерттелетін операция тұрғысынан нақтылы қасиеттерін сапалы сипатайды.

      Үлгі нақтылы объектілерде жүргізілетін зерттеулерге тән мәселелер мен қиындықтарды жоюға (шешуге) мүмкіндік СКАЧАТЬ