Кәсіпкерліктегі менеджменттің көпфункционалды үлгілері. Қарлығаш Мұхтарова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Кәсіпкерліктегі менеджменттің көпфункционалды үлгілері - Қарлығаш Мұхтарова страница 6

СКАЧАТЬ олардың шешімі туралы даулар мен қайшылықтар – кәдімгі жағдай болып табылады. Саяси үлгі төрт негізгі болжамдардан басталады:

      1. Ұйым әр түрлі мүдделері, мақсаттары және құндылықтары бар топтардан тұрады. Менеджерлер арасында мәселелердің маңыздылығына байланысты қайшылықтар бар және олар басқа менеджерлердің мақсаттары мен мүдделерін қолдамауы немесе тіпті мойындамауы да мүмкін.

      2. Ақпарат толық емес және анық емес болып табылады. Ұтымды әрекет етуге ұмтылыс көптеген мәселелердің күрделілігімен, жеке және ұйымдастырушылық шектеуліктермен шектеледі.

      3. Менеджерлердің барлық релевантты ақпаратты өңдеуге, мәселенің барлық аспектілерін идентификациялауға интеллектуалды қабілеттері немесе ресурстары, уақыттары болмайды. Олар бір бірімен пікір алысу арқылы ақпаратты жинайды, анық емес жағдайды анықтайды.

      4. Менеджерлер мақсатты қою туралы пікірталасқа қатысып, баламаларды талқылайды. Шешімдер – коалиция мүшелері арасындағы келіссөздер және пікірталастар нәтижесі болып табылады.

      Мысалы, саяси үлгі, АОL басқарушысы Джонатан Миллер Үаһоо сияқты тегін веб сайтты құру идеясына қолдау табу мақсатында коалиция құрғанында қолданысын тапты. АОL дың құнды және бай контентін тегін қылуға қарсы болған оппозиция мықты болды, бірақ Миллер басқа менеджерлермен сөйлесіп, интернет қызметтерді көрсетумен байланысты бизнестің өзгеруі жағдайында дағдарыста болған АОL компаниясын жасартудың тиімді жолын қолдайтын коалиция құрды. Шешім тиімді болғаны соншалық, АОL қайтадан Интернеттегі ірі күшке айналып, Google және Microsoft сияқты алыптардың қызығушылығын тудырды.

      Коалиция құра алмайтын лидерлер, өз шешімдерін іске асыруда көптеген қиындықтарға кез болады. Мысалы, Хершин Эзрин дағдарыста болған компанияға өзгерітер енгізу туралы жоспарын қолдайтын менеджер коалициясын құра алмағандықтан, Speedy Muffler King компаниясының СЕО постынан бас тартты. Көптеген менеджерлер Эзринді тағайындауды мойындамай, оның шешімдеріне қарсылықтарын білдірді. Дәл осылай, 2001 жылы АҚШ-ның бұрынғы қаржы министрі Лоуренс Саммерс Гарвард университетінің ректоры орнына отырғанда, бұл оқу орнын модернизациялау туралы үлкен жоспарлармен келген. Бірақ, бұл жоспарларды қолдайтын коалиция құра алмағандықтан, бес жылдан кейін, кампустарда толқулар басталып, Саммерс орнынан босатылды.

      Классикалық, әкімшілдік және саяси үлгілердің негізгі параметрлері 1-кестеде көрсетілген.

      Шешімдерді қабылдау процедураларын зерттеу нәтижесінде, орындылықты классикалық процедуралар тұрақты жағдайда ұйымның жоғары тиімділікті қызметімен байланыстыратыны анықталды. Ал шешімдерді қабылдаудың әкімшілдік және саяси процедураларын және түйсікті шешімдер жоғары белгісіздік жағдайында және жылдам қабылдану қажет болатын турбулентті ортадағы ұйымның тиімді қызметімен байланыстырады.

      1-кесте

      Шешімдерді СКАЧАТЬ