Название: Кәсіпкерліктегі менеджменттің көпфункционалды үлгілері
Автор: Қарлығаш Мұхтарова
Издательство: КазНУ
Жанр: Управление, подбор персонала
isbn: 978-601-247-411-4
isbn:
Шешім қабылдаудың әкімшілдік үлгісі Герберт Саймон идеяларына негізделген. Саймон әкімшілдік үлгіні құру барысында қолданылатын екі концепцияны ұсынады: шектелген ұтымдылық (орындылық) және қабылдарлық (жарамдылық). Шектелген ұтымдылық дегеніміз ұйымдағы индивидтердің қызметі шектеулі орыдылық шеңберінде немесе шекарасында жатқанын білдіреді. Әрбір ұйым күрделі жүйе болып табылады және менеджерлердің оларға шешімдерді қабылдау үшін қажет ақпараттың барлығын өңдеуге уақыттары да, мүмкіндіктері де жоқ. Сондықтан, қабылданатын шешімдер көп жайдайда ұтымды емес, қабылдарлық болып табылады.
Қабылдарлық – шешім қабылдайтын тұлғаның сұрыптаудың минималды критерийлерін қанағаттандыратын бірінші вариантты таңдап алуы. Экономикалық табысты максимизациялайтын жалғыз дұрыс шешімді табу мақсатында барлық варианттарды қарастырудың орнына, менеджерлер, оларға мәселені шешуге мүмкіндік беретін бірінші вариантта тоқталады. Толық ақпаратты жинау және «тиімді нүктені» іздеу менеджерлердің қымбат уақыттарының тым көп бөлігін қажет етеді.
Шектеулі ұтымдылық пен қабылдарлықты анық көрсететін мысал ретінде, әйел менеджер іс сапар кезінде, маңызды кездесу алдында өз жейдесіне кофе төгіп алған жағдайын қарастырайық. Ол, дайын киім үлгілерін сататын ең жақын дүкенге барып, өзіне сай келген бірінші жейдешені сатып алады. Қалада сатылатын барлық жейдешелерді тңдауға оның уақыты да, мүмкіндігі де болмағандықтан, ол, өзінің мәселесін шешуге мүмкіндік беретін бірінші үлгімен қанағаттанады. Дәл осылай, менеджерлер де кешенді мәселелердің шешімін қанағаттанарлық нәтиже беретін вариантты таппағанша іздейді.
Мысалы, бірнеше жыл бұрын, сол кездегі СЕО Уильям Смитсбург өз Quacker компаниясын басқалармен жұтып алудан сақтап қалуға тырысты, бірақ оның мүмкін әрекеттері үшін варианттары аз болды. Сонда ол Аррlе компаниясын сатып алу туралы жылдам шешіммен қанағаттанып, сатып алудан кейінгі Quacker компаниясы қарызына байланысты ешкімді қызықтырмайды деп ойлады. Аррlе компаниясын сатып алу пайда болған мәселені шешуге мүмкіндік берді, сондықтан Смитсбург басқа вариантарды іздестірмеді.
Әкімшілдік үлгі классикалық үлгіден өзгеше болжамдарға негізделіп, жеке шешімдерге әсерін тигізетін ұйымдастырушылық факторларға көзделген. Классикалық үлгімен салыстырғанда ол бағдарламаланбайтын күрделі шешімдерді қабылдауға арналған. Әкімшілдік үлгіде:
1. Шешімдердің мақсаттары көп жағдайда анық емес, қайшылықты туғызатын және менеджерлер арасындағы келіспеушілікке әкеледі. Кейде менеджерлер өздері ұйымдағы мәселелер мен тиімді мүмкіндіктер туралы бейхабар.
2. Орындылықты процедуралар жиі қолданбайды, ал қолданған кезде, ол нақты жағдайлардың кешенділігін көрсетпей, тек мәселеге үстіртін қараумен шектеледі.
3. Адамдық, ақпараттық және материалды ресурстардың шектеулігіне байланысты менеджерлер баламаларды іздеуді толық жүргізбейді.
4. Көптеген СКАЧАТЬ