Кәсіпкерліктегі менеджменттің көпфункционалды үлгілері. Қарлығаш Мұхтарова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Кәсіпкерліктегі менеджменттің көпфункционалды үлгілері - Қарлығаш Мұхтарова страница 3

СКАЧАТЬ болады.

      Үлгілеу, көп жағдайда, түпнұсқаны емес, оның үлгісін зерттеу жолымен объектінің (түпнұсқаның) қасиеттерін зерттеп тану мақсатында іске асырылады. Әрине, үлгілеу түпнұсқаның өзін құрудан жеңіл және кейбір себептерге байланысты оны тіпті құрмаған дұрыс болған кезде ғана тиімді.

      Үлгілеу – бұл объектінің үлгісін құрып, оның қасиеттерін үлгіні зерттеу жолымен тану процессі.

      Осылайша, үлгілеу екі негізгі кезеңді ұсынады:

      1. Үлгіні құру

      2. Үлгіні зерттеу және тұжырым (қорытынды) жасау

      Сонымен қатар, әр кезеңде әр түрлі міндеттер атқарылып, мәні бойынша өзгеше құралдар мен тәсілдер қолданылады.

      Басқару тәжірибесі мен ғылымында «басқару үлгісі» маңызды категориялардың бірі болып табылады. Бұл басқарушының басқаруына берілген объектіні қалай басқару, алдында тұрған мәселелерді шешу үшін басқарушылық стратегилардың қай арсеналын, технологиясын, құралын қолдану сияқты күрделі міндеттер тұруымен байланысты.

      Ф. Тейлор тұжырымдағандай, басқару үлгісі – жаңалық ашу емес, ол эволюция. Басқару үлгісі жылдар, онжылдықтар, тіпті ғасырлар бойы құрылады. Ол «бөтен» емес, өзі қолданысын табатын елдің, халықтың рухына, дәстүрлеріне, ділі мен мәдениетіне жақын, тән, сәйкестендірілген, «туған» болуы керек.

      «Басқару үлгісі» деп, басқарылатын ұйым қойылған мақсаттарға жету үшін, қарқынды даму және өзінің өмірге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін басқару жүйесі қазір қандай және қандай болуы керек, ол басқару объектісіне қалай әсер етеді және қалай әсер ету керек, ол қоршаған ортаға қалай бейімделеді және қалай бейімделу керек деген сұрақтарға жауаптардан тұратын теоретикалық түрде құрылған бүтін сыбайластықтар жиынтығын түсіну керек.

      Ол басқарудың бастапқы принциптерінен, стратегиялық көзқарастардан, мақсаттар мен міндеттерден, бірігіп құрған құндылықтардан, оның элементтерінің құрылымынан және тәртібінен, ұйымдастырушылық мәдениеттен, сараптамалық мониторинг пен бақылаудан, дамуды қозғайтын күштен және уәждеу саясатынан тұрады.

      2. Үлгілердің типтері және оларды қолдану салалары

      Негізгі үлгілердің классификациясы бар: классикалық, әкімшілдік және саяси үлгілер.

      Классикалык үлгі. Шешімдерді қабылдаудың классикалық үлгісі экономикалық жағдайларға негізделеді. Бұл үлгі менеджмент әдебиетінде пайда болды, өйткені, қоғамдық пікірге байланысты, менеджерлер экономикалық тұрғыдан дұрыс шешім қабылдап, ұйымның экономикалық талаптарына жауап беретін әрекеттерді асыруға тиісті. Классикалық үлгінің негізінде төменде келтірілген төрт жағдай жатады:

      1. Шешім қабылдайтын тұлғаның әрекеті келісілген және белгілі мақсатарға жетуге бағытталған. Мәселелер анық айқындалған және тұжырымдалған.

      2. Шешім қабылдайтын тұлға айқындылыққа талпынып, барлық қажетті ақпаратты жинайды. Барлық варианттар және олардың болжамалы СКАЧАТЬ