Название: Банктік тəуекелдер жəне оны басқару
Автор: Нұргүл Керімбекова
Издательство: КазНУ
Жанр: Банковское дело
isbn: 978-601-04-0018-4
isbn:
– тәуекелді жою шығыны жоғалтатын қаржыдан аспау қағидасы;
– тәуекелдерді басқарудағы уақыт факторы қағидасы.
– банктік тәуекелдерді дұрыс және пайдалы басқару үшін қазіргі жағдайда оған қандай факторлар әсер ететіндігін білу қажет. Жалпылама алғанда тәуекел банкке әсер ететін факторлар өте көп, яғни әрбір әсер етуші фактормен бірге тәуекел қатар жүреді. Сол себепті олардың қандай көздерден туындайтыны осы факторларды дұрыс бөлуден айқындалады. Тәуекелдердің өзгеріп отыруына негізгі екі фактор, яғни экзогенді және эндогенді факторлар әсер етеді. Бұл факторлар төменде 2-сызба түрінде көрсетілген.
2-сызба. Банктік тәуекелдерді басқаруға әсер ететін негізгі факторлар
Тәуекелдерді басқару нарықтағы өзгерістерге тез әрі ұтымды шешімдер арқылы жауап бергенде ғана тиімді болады. Тәуекелдерді басқару стратегиясын таңдағанда банк нарықтағы банк қызметінің түрлері мен оның жекелеген сегменттеріне зерттеу жасайды. Банк қоршаған ортаның тәуекел деңгейінің әрдайым өзгеріп отыруына алып келеді. Соның салдарынан банк үнемі нарықтағы өз орнын анықтап, туындаған тәуекелдерге баға беріп, клиенттермен қарым-қатынасты, активтері мен пассивтерінің құрылымын және саясатын өзгертіп отырады.
Тәуекелдерді басқару процесі төмендегі 3-сызба бойынша жүргізіледі.
3-сызба. Тәуекелді басқару процесі
Тәуекелді бірыңгайландыру кезеңі: эксперттік баталау әдістері (дельфиялық әдіс, морфологиялық әдіс, сценарийлік талдау, коэффициенттік талдау әдісі, т.б.) параметрлік емес статистика әдістері.
Туындатан тәуекелді бағалау әдісі: дифференциалдық, интервалдық, логарифмдік, индекстік, жай сандар әдісі, корреляциялық, регрессиялық, дисперсиялық, кластерлік, факторлық талдау, сызықтық, стохастикалық бағдарламалар.
Стратегияны таңдау кезеңінде лимиттеу, резервтеу, хеджерлеу, сақтандыру, диверсификация, өзін-өзі сақтандыру, оптимизациялау қолданылады.
Бақылау кезеңі: жауапкершілікті бөлу мен лауазымды делегирлеу, мониторинг, есеп жүйесін құру.
Банктік тәуекелдерді тактикалық басқару бойынша тәуекел менеджменті үш деңгейге бөлінеді:
Құру кезеңі:
– ішкі нормативтік базаны құру;
– лимиттеу, квоталау және өзге де шектеулер жүйесін құру;
– есеп жүйесін құру;
– дағдарысқа қарсы шараларды басқару.
Жаңа енгізулер кезеңі:
– жаңа жұмыс тобын құру;
– сценарийлік талдау (бэк тест).
– тесттің қорытындысын талдау.
Ішкі нормативтік базаны қолдану кезеңі:
– лимиттерді бекіту, қайта қарау және бақылау;
– банктік тәуекелдерді басқарудың басқа да әдістерін қолдану;
СКАЧАТЬ