Название: Банктік тəуекелдер жəне оны басқару
Автор: Нұргүл Керімбекова
Издательство: КазНУ
Жанр: Банковское дело
isbn: 978-601-04-0018-4
isbn:
– несиелік қоржынның сапасының көрсеткіштері.
Қарыз алушының несиелік тәуекелін бағалауда да сапалық және сандық талдаулар қолданылады. Сапалық талдаудың мақсаты – тәуекелдің пайда болу ықтималдығын бағалау. Сандық бағалаудың мақсаты қарыз алушының міндеттемесін орындамау барысында банктің шығын шегу ауқымын анықтау. Сапалық және сандық талдаудың нәтижелері бойынша несиелік тәуекелді бағалауға мүмкіндік туындайды.
Қарыз алушы заңды тұлғаның несиелік тәуекелін бағалау мынадай тәсілдермен жүзеге асады:
1) қарыз алушының іскерлік тәуекелін бағалау;
2) қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау;
3) қаржылық коэффициенттер негізінде қаржылық жағдайын талдау;
4) ақшалай ағымын талдау;
5) менеджмент сапасын бағалау;
6) несиені қамтамасыз ету көздерін бағалау.
Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушы заңды тұлғалардың несиелік қабілетін бағалауда келесідей қаржылық коэффициенттердің 4 тобы пайдаланылады:
• өтімділік коэффициенті;
• қаражат көздерін тиімді басқаруды талдауға арналған қаржылық тәуекелділік коэффициенті;
• компанияның ресурстарын пайдалану тиімділігіне арналған айналымдылық коэффициенті;
• пайдалылық коэффициенті.
1. Өтімділік коэффициенті 2 түрге бөлінеді:
мәні: 0,70-1,20
■ Егер 1,02-ден жоғары болса, онда тауарлы материалдық қорларға салынған қаражаттар айналысының бәсеңдеуі немесе дебиторлық қарыздың жоғары болуы көрсетіледі.
■ Ал оның мәні төмен болса, клиенттің төлем қабілетсіздігін көрсетеді. Жалпы бұл көрсеткіш мәні жоғары болса, қарыз алушының қаржы тұрақтылығын білдіреді.
Тез өтімділік коэффициенті = ағымдағы активтер – Тауарлы материалдық қор/ағымдағы міндеттеме;
■ мәні: 0,4-0,6
■ бөлшек сауда компанияларында: 0,3-0,4
■ оң мәнінің жоғарылануынан дебиторлық қарыздың өсуі туындайды.
2. Қаражат көздерін тиімді басқаруды талдауға арналған қаржылық тәуекелділік коэффициенті 2 түрге бөлінеді:
Міндеттеме/Актив = 1 мерзімдегі орташа қарыз сома/ 1 мерзімдегі орташа актив сомасы
Міндеттеме/Капитал = 1 мерзімдегі орташа қарыз сома/ 1 мерзімдегі орташа капитал сомасы.
Осы және келесі коэффициенттерді есептегенде банктерге берешек, жабдықтаушыларға, бюджетке және тағы сондай орташа қарыздарды есепке алады.
• Айналымдылық коэффициенті:
Пайдалылық коэффициенті: бұл коэффициент компанияның және заңды тұлғаның пайдалылық деңгейін және рентабельділік деңгейін көрсетеді, ол пайдалылық әртүрлі нұсқамасы мен сатудан түскен қатынасы арқылы есептеледі.
Ол 2 түрге бөлінеді:
2.2. СКАЧАТЬ