Название: Банктік тəуекелдер жəне оны басқару
Автор: Нұргүл Керімбекова
Издательство: КазНУ
Жанр: Банковское дело
isbn: 978-601-04-0018-4
isbn:
– коммерциялық несиелік тәуекелдер, яғни банк клиенттерін несиелеу саясатына байланысты.
– жекеше несиелік тәуекелдер, яғни несиелік өнім, қызмет, операцияларға, қарыз алушыларға немесе өзге де контрагенттерге байланысты.
6. Басқару сипатына қарай:
– тікелей несиелік тәуекел, яғни қарыз алушыға қатысты несиелік тәуекел;
– қоржындық несиелік тәуекел, яғни несиелік қоржынның сапасына байланысты.
Несиелік тәуекел келесі себептерге байланысты туындайды:
– қарызгердің жауапкершілігі негізінде;
– қарызгердің өз кінәсінен емес адекватты ақша ағынын жасау қабілетсіздігі;
– банк басшылығы тарапынан есептің дұрыс жүргізілмеуі, іскерлік және экономикалық ортадағы болжанбаған өзгерістер;
– мемлекеттегі саяси тұрақсыздық;
– қарызгердің іскерлік репутациясындағы теріс жағдайлар;
– несиеге қойған кепілдеменің сомасына және болашақ құнына сенімсіздік.
Банк тәжірибесінде несиелендіру түрлеріне байланысты несиелік тәуекелдің проблемалары бар:
1. Пайда мәнінің өсуі деп ойлауы, яғни несиелік портфель – пайда алудың көзі. Пайда өсіруге деген құштарлық кей жағдайларда тәуекел немесе банкке тиімсіз шарттар мен несие беруіне алып келеді, яғни ойланбай берген несиелер одан алатын табыстарына қарағанда өте қымбатқа түседі.
2. Несиелендіру принциптерін бұзу – банк жетекшілігі несиелендіру принциптерін бұзып тұрғанын біле тұрып несие береді, мұның себебі шамадан тыс табыс алуға деген құштарлық, бәсекелестерінің басынуы, достастық қарым-қатынасының болуы.
3. Несиелік келісімнің қанағаттандырылмауы – несиелік келісімшарт құқықтық жағынан өте жоғары деңгейде толтырылуы тиіс.
4. Қарыз алушы туралы толық емес және сенімсіз ақпарат – қарыз алушының қызметі туралы толық ақпарат, күмәнді несиелерді тудыруы мүмкін, әрбір несие қызметтері клиент туралы несие тарихын бүкіл құжаттарды тексере отырып жасауы тиіс.
5. Нашар мониторинг – бастапқы несиеде стандартты несиелер, кейіннен қанағаттанарлық, күмәнді болады. Бұл несие қызмет тарапын несиеге дұрыс бақылау жасалауынан болатындықтан ол несиелік талдауды жоғары деңгейде жүргізе алатындай мамандандырылуы тиіс.
6. Несиелік тәуекелден туындайтын шығындарды екіге тікелей және жанама деп бөліп қарастырған дұрыс. Тікелей шығындар несиені қайтармауға және қаражаттың түспеуіне байланысты туындаса, ал жанама шығындар кепілге қоятын заттың құнының төмендеуі, проблемалық несиелерге байланысты банктің құратын резервтері көлемінің ұлғайту қажеттігінен туындайды.
7. Жалпы несиелік тәуекел дәрежесі мынадай факторларға тәуелді:
• елдегі және өңірдегі экономикалық және саяси жағдайларға;
• банктердің жекелеген экономика салаларына несие беруіне;
• қарыз алушылардың несиелік қабілеті СКАЧАТЬ