Название: Экономикалық ілімдер тарихы
Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Жанр: Экономика
isbn: 978-601-247-814-3
isbn:
Түйін сөздер: Ежелгі Шығыстың экономикалық ой-пікірлері, антикалық экономикалық ой-пікірлер, шығыс елдеріндегі орта ғасырлық экономикалық ой-пікірлер, Еуропа елдеріндегі орта ғасырлық экономикалық ой-пікірлер, хрематистика, өсімқорлық, «әділетті баға» концепциясы, азиаттық өндіріс тәсілі.
Бақылау сұрақтары:
1. Ежелгі дүние және орта ғасырлық ғалымдардың экономикалық ойпікірлерінде қандай ерекшеліктер болды?
2. Қазіргі экономика ғылымы үшін ежелгі дүние авторларының ілімдері қандай мәнге ие?
3. Құран және Библияда кездесетін экономикалық тұжырымдарды белгілеңіздер.
Тест тапсырмалары:
1. Ежелгі Шығыс мемлекеттерінің экономикалық ой-пікірлерінің ерекшелігі ең алдымен былай түсіндіріледі:
A. құлдық жүйенің дамуымен;
B. шаруашылық өмірге мемлекеттің ауқымды қатысуымен;
C. тармақталған банк жүйесінің болуымен;
D. діни көзқарастардың маңызды әсерімен;
Е. дұрыс жауабы жоқ.
2. Ежелгі дүниедегі экономикалық ой-пікірлерді төмендегілердің қайсысы көрсетеді:
A. құн мәселесі қарқынды қаралады;
B. таптық қайшылықтар қаралады;
C. экономика ғылымы дербес білім саласы ретінде қараладым;
D. экономикалық ойлар қогам жайлы басқа ойлау түрлерінен бөлінбеген;
Е. барлық келтірілгендер дұрыс.
3. Азиаттық өндіріс тәсілі сипатталады:
A. мемлекеттік меншіктің болуымен;
B. ирригациялық жүйе мемлекеттің бақылауында болуымен;
C. сауда мәмілелерінің регламентациясымен;
D. шаруашылық өмірге мемлекеттің қатысуымен;
Е. барлық жауаптар дұрыс.
4. Вавилондық патшалықтың маңызды тарихи ескерткіші болып есептеледі:
A. Артхашастра;
B. Ману заңдары;
C. Гуань Цзы;
D. Хаммурапи патшаның заңдары;
Е. Көне Өсиет.
5. Аристотель іліміндегі хрематистика дегеніміз:
A. игіліктерді үй мен мемлекет үшін сатып алуға бағытталған шаруашылықтың түрі;
B. баюға бағытталған сауда-қарыз беру капиталы қызметі;
С. материалдық игіліктерді құру процесі;
D. құн субстанциясы;
Е. жаңа теңдік нысаны.
6. Ежелгі грек философтары Ксенофонт, Платон, Аристотель құлдықты санаған:
A. табиғи және өзгермейтін жағдай;
B. уақытша құбылыс;
C. адамдар арасындағы келісімдер нәтижесі;
D. тосын жағдай;
Е. грек қоғамының ерекшелігі.
7. Орта ғасырлық экономикалық ой-пікірлердің айрықша сипаты:
A. материализм;
B. діни емес СКАЧАТЬ