Экономикалық ілімдер тарихы. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Экономикалық ілімдер тарихы - Коллектив авторов страница 5

Название: Экономикалық ілімдер тарихы

Автор: Коллектив авторов

Издательство: КазНУ

Жанр: Экономика

Серия:

isbn: 978-601-247-814-3

isbn:

СКАЧАТЬ шаруашылық қызметті есепке алу және оны талдау, басқару, статистика сияқты нақты экономикалық ғылымдардың түп бейнесі қалыптаса бастады.

      Антика әлемінің дамуында қала – мемлекеттердің (полистердің) қалыптасу сипаты тән. Антика мәдениеті, оның ішінде экономикалық ой-пікірлер полистің еркін азаматтарының іс-әрекет өнімі болып табылды. Осыған байланысты ол Ежелгі Шығыспен салыстырғанда, анағұрлым рационалды және демократиялық сипатта болды. Антикалық экономикалық ой-пікірлердің басты мәселелеріне натуралдық шаруашылық негіздерін жасау, тауар-ақша қатынастарының кейбір элементтері, шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару мәселелері, сондай-ақ жекеменшік мәселелері жатады. Олардың қатарында аса маңыздысы – қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылысының идеалды (мінсіз) үлгісін құру мәселесі болды.

      Сонымен, бір жағынан құл иеленушілік және натуралдық шаруашылықтың мадақталуы және екінші жағынан ақша мен тауар капиталын теріске шығару Ежелгі Шығыс пен Антика әлемінің барлық мектептеріне тән ортақ белгі болды. Сонымен қатар Ежелгі дәуірдегі экономикалық ой-пікірлерге тұтас алғанда көптеген тұжырымдардың дүмбілездігі, шикілігі, олардың өзекті болып табылған жағдайларының жойылуына байланысты тарихи өтпелілік тән. Алайда бірқатар құнды теориялық тұжырымдар қазіргі уақытқа дейін ғалымдардың назарында болып отыр, қазіргі ғылыми ұстанымдар тұрғысында талданып, оларда тосын теориялық иірімдер ашылуда.

Ежелгі Шығыстың экономикалық ойлары

      Экономика ғылымы әлемдік өркениеттің бесігі – Ежелгі Шығыс елдерінде қалыптасты деп саналады. Шығыс елдерінің шаруашылықты ұйымдастырудағы мемлекеттік реттеу жүйесінің ерекшеліктері көптеген хроникаларда, жазбаларда, философиялық трактаттарда, заң ережелерінде және т.б. көрініс тапты. Белгілі дереккөздер – Ежелгі Шығыс өркениетінің экономикалық ойларының ескерткіштеріне тоқталайық.

      Ежелгі Египет үлгісіндегі адамзат баласының ең көне экономикалық ойларының ескерткіші – «Гераклеополь патшасының өз баласына өсиеттері» (б.э. дейінгі ХХІІ ғ.), «Ипусердің сөздері» (б.э. дейінгі ХVІІІ ғ.). Осы дереккөздердің авторлары фараон мен халықтың арасында тұрған басқару аппаратының тиімді қызмет ету қажеттілігін қарастырады.

      Ең көне, танымал жазба дереккөзі ретінде Вавилонда б. э. дейінгі ХVІІІ ғ. қабылданған Хаммурапи патша заңдарының кодексін атауға болады. Бұл заңдарда қоғамның экономикалық негіздері, оның негізгі даму тенденциялары көрініс тапқан. Мысалы, құлдар мен құл иеленушілерге бөліну мәңгі және табиғи деп саналған. Заңдар жеке меншікті қорғайды (бөтеннің меншігіне қол сұғу құлға айналу немесе өлім жазасымен жазаланады), іскерлік мәмілелерді реттейді.

      Ежелгі Қытайдың аса көрнекті ойшылдарының бірі – Конфуций болып табылады. Оның ойлары Қытай халқы өмірінің барлық жақтарына үлкен әсерін тигізді. Конфуций адамдардың рухани жетілу бағдарламасын ұсынды, ол әр адамның міндетті түрдегі парызы СКАЧАТЬ