Название: Экономикалық ілімдер тарихы
Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Жанр: Экономика
isbn: 978-601-247-814-3
isbn:
12. Қайсысы бірінші болып: түрік тілінде әлеуметтік экономикалық ойларды қарастырды?
A. Ибн-Сина;
B. Әл-Фараби;
C. Бируни;
D. Ж. Баласағұн;
Е. М. Қашқари.
МЕРКАНТИЛИЗМ: ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУ САТЫЛАРЫ
ХVІ-ХVІІ ғғ. экономика ғылымының тарихында ерекше роль атқарды. Осы кезеңде ұлттық мемлекеттердің қалыптасуы орын алды; натуралды шаруашылықты нарықтық қарым-қатынастар ығыстырады; ұлы географиялық жаңалықтардан кейін нарықтың ұлғаюы жүрді; капиталдың жинақталуы жүзеге асты; өсімқорлық және көпестік капитал тез дами бастады. Ғылыми зерттеулердің сипаты да өзгерістерге ұшырайды: олар барынша зайырлы кейіпке ие болып, прагматикалық мақсаттарды қоя бастады. Экономика ғылымында бұл шаруашылық іс-әрекеттің басты мәселелері (ұлттық байлық, оны көбейтудің жолдары) талқыланған еңбектердің пайда болуынан көрінді. Қарастырылып отырған кезеңде көптеген мемлекеттерде ұлғайған тауар айналымына қажетті ақшаның (алтын және күміс) жетіспеушілігі байқалды, осының нәтижесінде сапасы төмен монеталарды дайындау орын алды (монетаның «бұзылуы»). Ұлы ғалым Николай Коперник «Монеталарды шығару әдістері туралы» еңбегінде мемлекеттердің құлдырауының төрт себебін көрсетті: ұрыс-соғыстар, өлім деңгейі, құнарсыз жерлер және ақшаның құнсыздануы. Ол құнсызданған ақша сауданың қысқаруына және өмірге қажетті заттардың қымбаттауына алып келеді деп ескертті. Алтын туралы, оның санын сыртқы сауда есебінен арттыру туралы еңбектер жиі жазыла бастайды. Осылайша уақыт өте келе, меркантилистер мектебі пайда болды. Олардың пайда болуы алғашқы едәуір жүйеленген экономикалық көзқарастардың пайда болуын көрсетті.
ХV-ХVІ ғғ. Капиталды құюдың ең тиімді саласы сауда болды, әсіресе сыртқы сауда тез дамыды (колониялық жаулап алудың әсерінен). Италия тіліндегі «мерканте» (көпес) сөзінен меркантилизм термині қалыптасқан. Меркантилизмге екі жақты сипаттама беруге болады: біріншіден, ол капиталдың бастапқы жинақталуы кезеңінде мемлекет байлығын көбейтудің және сауда буржуазиясын жақтайтын мемлекеттің экономикалық саясаты ретінде, ал екінші жағынан айналыс саласында байлықтың ұлғаю заңдылықтарын және мүмкіндіктерін анықтайтын, мемлекеттің меркантилистік саясатын негіздейтін теориялық концепция ретінде.
Меркантилизмнің негізгі қағидалары ретінде келесідей тұжырымдарды көрсетуге болады: ақша байлықтың ең негізгі нысаны; байлықтың көзі – сыртқы сауда немесе бағалы металдардың өндірісі; сыртқы сауданың мақсаты елге алтын және күмісті көптеп тарту, сол үшін арзан сатып алып, қымбат сату; ұлттық өндірісті арзан импортталған шикізат және басқа барлық импортқа протекционистік тарифтер қою арқылы қолдау; жалақы салыстырмалы төмен деңгейде болу керек, сол кезде табыстар жоғары болады.
Меркантилизм дамуында екі кезең көрсетіледі: ерте және кейінгі. Ерте меркантилизмнің негізін «ақша балансы» идеясы (монетаристік тәсіл) құрады. Байлықтың көзі ақша деп есептелген және елдің ішінде ақшаны ұстап қалу үшін әртүрлі әкімшілік шаралар қолданған. Елге ақшаны енгізудің саясаты келесідей болған: арнайы құрылған органдардың күшін қолдану арқылы шетел көпестеріне тапқан табысын сол жерде жаратуға мәжбүрлеген. Меркантилистер алтын және күмісті мемлекеттен шығаруға жол СКАЧАТЬ