Экономикалық ілімдер тарихы. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Экономикалық ілімдер тарихы - Коллектив авторов страница 8

Название: Экономикалық ілімдер тарихы

Автор: Коллектив авторов

Издательство: КазНУ

Жанр: Экономика

Серия:

isbn: 978-601-247-814-3

isbn:

СКАЧАТЬ сақтау үшін қоршаған ортаның маңыздылығы туралы ой-пікірлері негізделген.

      ХІІ-ХІІІ ғ.ғ. еуропалық ой-пікірлерге үлкен әсерін тигізген араб ғылымының ерекше қарқынды дамуы орын алды. Осы дәуірдің ірі ойшылы Ибн Халдун (1332-1406) болып есептеледі. Ол қоғамның экономикалық және мәдени дамуындағы қалалардың рөліне көп тоқталды. Ойшылдың пікірінше, шығыс мемлекеттерінде қоғамдық өмірдің шарықтауы «еңбектің молшылығына» байланысты. Ақша туралы талқылай келе, ғалым алтын мен күміс «адам еңбегімен жасалған барлық заттың құны қызметін» атқарады дейді. Бір қызығы, Ибн Халдун қажетті және артық еңбек ұғымдарына тоқталады. Ол артық өнімді өнеркәсіп және саудамен байланыстырады, оны ауыл шаруашылығында жоқ деп есептейді. Ойшылдың пікірінше, барлық ауыл тұрғындары тек мұқтаждықтарын қанағаттандыруға қажетті игіліктерді тудыра алады. Қалаларда жұмыс күшінің көп болуына және еңбек бөлінісінің кең қолданылуына байланысты артық өнім құру шарттары туындайды деп есептейді.

      Тауар-ақша қатынастарының дамуы туралы ойластырса да, ойшыл феодалдық құрылысты сақтап қалғысы келді және қоғамдық өмірдің шарықтауына қол жеткізудің ең тиімді құралы – бұл салық мөлшерін азайту деп есептеген.

Еуропа мемлекеттеріндегі ортағасырлық экономикалық ойпікірлер

      Орта ғасырлардағы еуропалық экономикалық ойлар христиандық ілімнің ықпалында дамыды. Көптеген ерте христиандық ойшылдар (Григорий Богослов, Иоанн Златоуст) бос сенделісті сынға алып, еңбекті дәріптеді.

      Орта ғасырлардағы ең танымал ойшылдардың бірі Фома Аквинский (1224-1265) болды. Ол дін мен философия тарихында христиандық ережелерді Аристотель ілімдерімен біріктірген зерттеуші болып есептеледі. Оның еңбектерінде экономикалық көзқарастары, атап айтқанда «әділетті баға» мәселесі ерекше орын алады. Ойшылдың пікірінше, әділетті баға екі талапқа сай болуы керек. Біріншіден, ол «еңбек және шығындар» мөлшеріне сәйкес келетін айырбас баламасын қамтамасыз ете алуы керек. Екіншіден, айырбас қатысушыларына олардың әлеуметтік мәртебесіне сай «қоректі» қамтамасыз ете алған жағдайда баға әділетті болады. Баға қойылғанда тауарларды сақтау, жеткізу шығындары және тауарды жоғалтып алу жағдайында сақтандыру шығындары ескерілуі тиіс.

      Ойшыл өсімқорлықты кінәраттады. Өсім алуды ол табиғатта жоқ затты сатумен салыстырды. Алайда жалдамалы армияны ұстауға, мемлекет қажеттіліктеріне жұмсалатын ақшалай қарыздар болуы керек деп есептеді. Бұл жағдайда өсім пайызын алу – қарыз ақшаны жоғалту тәуекелі үшін өтем.

      Ф. Аквинскийдің пікірінше, ақша келісім негізінде, айырбас ыңғайлы болуы үшін туындайды. Ақша корөл билігінің тапсыруымен шығарылады: ол монетаны шығарады және оның құнын белгілейді. Ойшыл ақшаның «бұзылуына» қарсы шығады, ақша қорын жинап, сақтауды ұсынады.

      Ежелгі және орта ғасырлардың ғұлама ғалымдарының еңбектері бүкіл адамзаттың алтын қорын құрды, адамзат ой-пікірлерінің дамуындағы көптеген бағыттарының, СКАЧАТЬ