Музейлік электронды сөздік. Тәттігүл Картаева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Музейлік электронды сөздік - Тәттігүл Картаева страница 15

СКАЧАТЬ Боттичелли, Паоло Веронез, Пьетро Перуджино, Леонардо да Винчи, Рафаэль, Тициан, Микеланджело да Караваджо, Понтормо, Якопо Тинторетто, Доменико Фетти, Каналетто, Бернандо Беллотто, Франческо Гварди, Джованни Паннини, Джованни Батиста Тьеполо жұмыстары қойылған. Рафаэльдің «Альба Мадоннасы» туындысын 1 млн. долларға Эрмитаждан сатып алған. Батысеуропалық басқа мектептерден Эль Греко, Рембрандт, Ян Вермеер, Питер Пауль Рубенс, Томас Гейнсборо, Эдуард Мане, Эдгар Дега, Поль Сезанн, Пабло Пикассо, американдық мектептен Томас Икинс, Джаспер Джон, Джеймс Уистлер, Эдуард Хоппер, Джордж Уэсли Беллоуз, Джексон Поллок, Аршил Горки, Марк Потко жұмыстары экспозицияланған. Музей коллекциясына Огюст Ренуар мүсіндерін, Джозеф Вайднер мүсіндер мен сәндік қолданбалы өнер туындыларын, Лессинг Розенвальд гравюралар мен суреттер коллекциясын сыйға тартқан. Шедеврлер қатарында Андрея Мантеньи, Альбрехт Дюрер, Үлкен Питер Брейгель, Питер Пауль Рубенс, Рембрандт, Каналетто, Оноре Домье жұмыстары бар.

      ВЕНА ӨНЕР ТАРИХЫ МУЗЕЙІ – Венадағы Өнер тарихы музейі Еуропадағы классикалық өнер туындылыраның орталығы. Ол Габсбургтер династиясы, яғни император Рудольф І және эрцгерцог Леопольд Вильгельм коллекциялары негізінде қалыптасқан, келушілер үшін 1891 жылы ашылған, музейдің негізгі ғимараты Мария-Тереза алаңында орналасқан. Музейдің Бас ғимаратында ежелгі Шығыс Египет жинағы, Антикалық жинақ, Кунсткамера, Нумизматикалық жинақ, қолданбалы өнер коллекциялары, картиналар галереясы, нумизматика кабинеті бар. Музейдің бірнеше филиалы жұмыс жасайды: Қазыналар қоймасы, Костюмдер мен экипаждар музейі, Палацо Харрах, Липицанер музейі, Амбрас сарайы, Австрия Театр музейі, 19 ғ. өнер галереясы, Neue Burg – Нойбург музейі. Neue Burg – Нойбургтың өзі бірнеше музейлерді біріктіретін тарихи-мәдени кешен, оның құрамында Эфесос музейі, Аңшылар сарайы мен Қарулар палатасы, Көне музыкалық аспаптар музейі, Этнография музейі жұмыс жасайды. Хофбург сарайында Қасиетті Рим империясының императоры Оттон I-нің тәжі, қылышы, асатаяғы сақтаулы. Мұнда билік аристократтарының бұйымдары қойылады. Картина галереясында батысеуропалық өнер туындыларының бай коллекциясы сақталған. Әсіресе, Ренессанс дәуірінің итальяндық суретшілерінің, соның қатарында Антонелло да Мессины, Джованни Беллини, Корреджо, Паоло Веронез, Джорджоне, Микеланджело де Караваджо, Якопо Тинторетто, Якопо Бассано, Лоренцо Лотто, Андреа Мантеньи, Тициан және Рафаэль туындылары бар. Музейде нидерландылық көркемсурет туындыларының мол коллекциясы сақталған. Үлкен Питер Брейгел жұмыстарының ең ірі коллекциясы осы музейде, соның ішінде «Қардағы аңшылар» деген атпен белгілі «Қыс», «Балаларды жазалау» атты туындылары сақталған. Сондай-ақ Ян Ван Эйк, Рогир Ван дер Вейден, Иеронимус Боск, Рембрандт, Питер Пауль Рубенс туындылары, Ян Вермеердің «Көркемсурет өнері» туындысы сақталған. Басқа мемлекет суретшілерінен Альбрехт Дюрер, Кіші Ганс Гольбейн, Альбрехт Альтдорфер, Лукас Кранах, Диего Веласкес еңбектері бар. Мүсіншелер, қолданбалы СКАЧАТЬ