Музейлік электронды сөздік. Тәттігүл Картаева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Музейлік электронды сөздік - Тәттігүл Картаева страница 16

СКАЧАТЬ Тьепело, испан өнерінен Эль Греко, Франсиско де Сурбарана, Бартолом Эстебан Мурильо, Франсиско де Гойя, Диего Веласкес, нидерланд және фламанд өнерінен Үлкен Питер Брейгел, Ганс Мемлинг, Йакоб Йорданс, Франс Хальц, Рембрандт, Питер Пауль Рубенс жұмыстары, сондай-ақ суреттер мен гравюра бөлімінде 100000 аса экспонат, соның ішінде Леонардо да Винчи, Рафаэль Санти, Никола Пуссен, Винсент ван Гог, Пабло Пикассо, Альбрехт Дюрер, Кіші Ганс Гольбейн, Үлкен Лукас Кранах, Клод Лоррен, Шарл Дестье, Константин Менье жұмыстары қамтылған.

      ВИКТОРИЯ МЕН АЛЬБЕРТ МУЗЕЙІ – Лондонда орналасқан Ағылшын королы мен оның жұбайы атындағы музей. 1852 жылы Оңтүстік Кенсингтонде негізі қаланған, музей ғимараты викториан стилінде салынған. Музей итальян мүсіншілері Лоренцо Бернини мен Антонио Канов туындыларын, әлемдегі қолданбалы өнер туындыларының әртүрлі бағыттарын кеңінен насихаттайды, онда керамика, шіркеу заттары, тоқыма бұйымдар, музыкалық аспаптар, жиһаздар, т.б., барлығы 4 млн. астам экспонат бар. Әсіресе, шыны галереясы, 19 ғ. фотосуреттері галереясы өте танымал. Ал, Микеланджело Буанарроти, Донателло, Андреа Верроккио еңбектерінің көшірмелері сақталған.

      ВИКТОРИЯ ҰЛТТЫҚ ГАЛЕРЕЯСЫ – Мельбурн қаласында орналасқан Виктория ұлттық галереясы Австралиядағы ірі әрі көне өнер музейі болып саналады. 1861 жылы негізі қаланған, қала орталығының ортасында орналасқан. Галереяда әлемнің әр түкпірінен жинаған өнер туындылары қойылған. Еуропалық өнер туындыларын көрсететін көне полотнолар қатарынан Паоло Учелло, Паоло Веронез, Питер Пауль Рубенс, Антонис Ван Дейк., Рембрандт, Джовани Батиста Тьеполо еңбектерін көруге болады. 19-20 ғ. – лар көркемсурет туындыларынан Уильям Тернер, Пьер-Огюст Ренуар, Клод Моне, Пабло Пикассо, Винсент ван Гог еңбектерін атауға болады. 2003 жылы музейдің негізгі ғимараты жанынан Иан Поттер орталығы ашылды. Қазіргі таңда бұл орталық коллекциясында автралиялық өнер туындыларын көрсететін экспонаттар саны 20000 бірліктен асады. Олардың қатарында Сидни Нолан, Альберт Такер, Артур Бойда, т.б. суретшілер туындылары бар. Коллекциялық құндылықтар қатарында Фредерик Маккаббиннің «Пионер» полотносы сақталған. Қолданбалы өнер туындылары қатарында грек вазалары, қыш-құмыралары, тоқыма бұйымдар, т.б. қойылған.

      ВИРТУАЛЬДЫ МУЗЕЙЛЕР – 1) Виртуальды кеңістікте орналасқан, компьютерлік технологиялар көмегімен жүзеге асырылған музейлер моделі. 2) Қалыптасқан музейдің электронды кеңістіктегі филиалы немесе музейдің интернет жүйесіндегі сайт орны. В. м. жетістігі музейлердің орналасқан мемлекетіне бармай-ақ, үйде, мекемеде отырып, музей экспозициясына ғаламтор жүйесі, аудиотехникалар, мультимедиалық қондырғылар, интерактивті қондырғылар көмегімен саяхатқа шыға аласың. Мұнда музей заттары «виртуальды экспозицияда» орналасады. В. м. – ге саяхатты электронды жасалған аудиогидтер жүргізеді. В. м. жасау ісі 20 ғ. – дың екінші жартысынан бастап қолға алынып, қазіргі таңда кең қолданысқа ие болған. В. м. – ге саяхатқа шығу арқылы виртиуальды турист бола аласың (). СКАЧАТЬ