Название: Музейлік электронды сөздік
Автор: Тәттігүл Картаева
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-1737-3
isbn:
БРЮССЕЛЬ ӘСЕРЛІ ӨНЕР КОРОЛЬДЫҚ МУЗЕЙЛЕРІ – Брюссель қаласындағы Бельгияның өнер тарихынан сыр шертетін туындылар және корольдар коллекциясының қорларын жинақтаған ірі музейлер жүйесі. Оның құрамында Көне өнер музейі, Қазіргі заман өнер музейі, Виртц музейі, Менье музейі бар. Музей 1801 жылы Наполеон Бонапарт бұйрығымен Брюссель музейі ретінде құрылып, онда француз революционерлерінен тәркіленген өнер заттары сақталған. Коллекциялар базасы сыйға тартқан, сатып алынған бұйымдармен толықтырылып отырған. Көне өнер музейінде 15-18 ғ. – лардың өнер туындылары жинақталған. Құндылықтар қатарында Рогир Ван дер Вейден, Петрус Кристус, Дирк Боутс, Ганс Мемлинг, Иеронимус Боск, Үлкен Питер Брейгель, Питер Пауль Рубенс, Якоб Иорданс, Антонис Ван Дейк еңбектері бар. Қазіргі заман музейінде 19-20 ғ. – лардың өнер туындылары қойылған. 6 қабаттан тұратын бұл музейде батысеуропалық суретшілер, мүсіншілер еңбектері сақталған, олардың қатарында Пьер-Огюст Ренуар, Альфред Сислей, Жорж Сера, Поль Синьяк, Эдуард Мане, Поль Гоген, Пьер Бонкара, Джеймс Энсор, Рика Ваутерс, Рене Магрит, Поль Дельво, т.б. шеберлер туындылары бар. Антуан Виртц және Константен Менье музейлері суретшілердің өздері тұрған үйлерінде орналасқан. Олар 19 ғ. – дағы Бельгия өнерінің басты тұлғалары болып табылады.
ВАЛЬРАФ-РИХАРТС МУЗЕЙІ – Кельнде орналасқан. Музей 1861 жылы Вальраф пен Рихартстың сыйға тартқан коллекциясы негізінде ашылған, музей ғимараты Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қирап, 1957 ғимарат қайта салынған. Музей қорында Кельндік ортағасырлық 290 полотно, әр кезеңде салынған 75000-нан аса гравюра сақталған. Қайта өркендеу және барокко дәуірінің (Альбрехт Дюрер, Иороним Боск, Франс Хальц, Рембрандт, Питер Пауль Рубенс, т.б.), импрессионистердің (Пьер Огюст Ренуар, Клод Моне, Винсент Ван Гог, т.б.), 19-20 ғ. – лардағы неміс суретшілері (Вильгельм Лейбль, Макс Эрнест, Пауль Клее, Эрнест Людвиг Кирхнер, т.б.) туындылары сақталған.
ВАТИКАН МУЗЕЙІ – Рим қаласында орналасқан музейлер кешені. Құрамына Антикалық музей, Этруск өнері музейі, Египет музейі, Пинакотека, Гобелендер галереясы, Географиялық карталар галереясы, Кітапхана, Тарихи апартаменттер енеді. Ватикан пинакотекасы ғимараты 15 ғ. – да салынған. СКАЧАТЬ