Название: Тауарлар мен капиталдың халықаралық қозғалысы. Оқу құралы
Автор: Әсемгүл Бекмухаметова
Издательство: КазНУ
Жанр: Экономика
isbn: 978-601-239-159-6
isbn:
Екіншіден, экономикалық саясаттың бір, не басқа шараларының әрекеттеріне деген экономика реакциясының сипаты көп дәрежеде ұлттық экономиканың сыртқы әлеммен арақатынасының формасына тәуелді болады. Есепке алуды талап ететін негізгі сәттер келесілер:
– ұлттық экономиканың әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы дәрежесі (кіші – үлкен экономика);
– валюталық курсты реттеу режимі (бекітілген жылжымалы валюталық курс);
– капиталдардың еркін қозғалысы үшін экономиканың ашықтығы дәрежесі (капиталдың жоғары – төмен ұтқырлығы).
IS ирегінің түр мен сипаты факторлар тізбегімен анықталады. Автономды шығындардың өсуі жағдайында IS ирегі оңға қарай жылжиды, бұл жағдайда ирек автономды шығындар мультипликаторының азаюы және барынша инвестициялауға бейімділік жағдайында неғұрлым тігірек көтеріле бастайды.
IS ирегінің жылжуына ұлттық валюта курсының өзгеруі әсер етеді. Валюталық курстың төмендеуі (яғни ұлттық валютаның құнсыздануы) IS ирегін солға қарай, курстың жоғарылауы оңға қарай жылжуына әкеледі. Бұл бірінші жайда таза экспорттың өсуімен, екіншіде – оны төмендеуімен түсіндіріледі.
Валюталық курстық IS ирегінің сыйпатына әсер етуін ескеру маңызды. Егер де жабық экономикада ақша ұсынысы экзогендік көрсеткіш ретінде қарастырылса, бекітілген валюталық курсты ашық экономикада ақша ұсынысы эндогендік мөлшерге айналады.
Орталық банкі (ОБ) бір мезгілде ақша базасын да, валюталық резервтер базасының мөлшерін де реттей алмайды, яғни оның алдында не ақша ұсынысына бақылауды, не валюталық курсқа бақылауды, екеудің біреуін жүзеге асыру керек дилеммасы тұрады. Ақша-кредиттік саясаттың мақсаты ретінде бекітілген валюталық курсты таңдап алса Орталық банкі ақша массасына бақылаудан толықтай айрылады.
Валюталық курстың өсуі (ұлттық валютаның қымбаттауы) LM ирегінің оңға, төмендеуі солға жылжуына алып келеді. Бұл ұлттық валютаның қымбаттауы жағдайында Орталық банктің валюталық резервтерінің көбеюімен, бұған сәйкес ақша базасының да өсуінің жүруімен, ал валюталық курстың төмендеуі жағдайында ақша базасының азаюымен түсіндіріледі.
Бұл тәуелділікті формалды (үстірт қарау) түрде айырбастауды сандық теңгеру мен сатып алушылық мүмкіндік паритетін теңгеру арқылы шығарып алуға болады. Айырбасқа сандық теңдеу жүргізуге сәйкес М = kҮР. Сатып алуға мүмкіншілігі бар паритет (СМП) концепциясынан алғанда, er = const жағдайында Р = ePz болып шығады. Онда ақша ұсынысының валюталық курсқа тәуелділігін келесі түрде көрсетуге болады:
М – номиналды ақша ұсынысы;
Ү – шынайы кіріс немесе ЖІӨ;
Р – ел ішіндегі баға деңгейі;
СКАЧАТЬ