Название: Тауарлар мен капиталдың халықаралық қозғалысы. Оқу құралы
Автор: Әсемгүл Бекмухаметова
Издательство: КазНУ
Жанр: Экономика
isbn: 978-601-239-159-6
isbn:
Макроэкономикалық тепе-теңдіктің неоклассикалық моделі 2-суретте бейнеленген. Абсцисс осінде шынайы жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) (Q), ал ординаттар осінде – баға деңгейі көрініс береді (Р).
2-сурет. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің неоклассикалық моделі
AD-AS классикалық моделінен көріп тұрғанымыздай, жиынтық ұсыныс ирегі (AS) толықтай жұмыспен қамту болып тұрған кездегі шынайы ЖҰӨ өндірісінің көлемін айқындайтын вертикаль сызық тұрінде көрінеді. Баға деңгейін айқындайтын AD жиынтық сұранысы әдетте тұрақты болып тұрады. Егер де ол төмендейтін болса (кескіндемеде ADl-ден AD2-гe дейін) баға деңгейі тез құлдырайтын болады (Р1-ден Р2-ге дейін). Мұның нәтижесінде ұсыныстың уақытша көтерілуінен АВ жойылады және С нүктесінде толықтай жұмыспен қамту қалпына келтіріледі. Осыған сай егер де сұраныс төмендейтін болса, онда баға икемділігі ЖҰӨ өндірісі мен жұмыссыздықтың табиғи деңгейінің тепе-теңдік күйі жағдайын демеп тұратын рыноктік механизмнің жұмыс істеуін қамтамасыз етіп тұрады. Сондықтан да макроэкономиканы мемлекеттік реттеу қажет етілмейді деп санайды неоклассиктер.
Жалпы экономикалық тепе-теңдіктің классикалық моделінде ақша массасы (М = kYP) жалпы ұлттық өнімге (ЖҰӨ) және бағаның ағымдағы деңгейіне пропорционалды болып келеді. Мұнда М – ақша массасы, Y – ұлттық табыс (ЖҰӨ), Р – баға деңгейі, k – ақшаның кассалық қалдық коэффициенті.
Берілген ақша массасы мен ақша айналымының жылдамдығының көрсеткіштері жағдайында баға деңгейі тек қана шынайы ұлттық табыс көрсеткіштеріне ғана байланысты болады: Р = (MV)/Y.
Сонымен бірге шынайы ұлттық табыстың (ЖҰӨ) бекітілген тепе-теңдік күйінде ақша нарығы параметрлерінің өзгеруі ақшаның бейтараптығына байланысты тек қана баға деңгейінің өзгеруінде ғана көрінеді.
Жиынтық шығындардың келесі құрамдас бөлігі инвестициялар болып табылады. Олардың көлемі екі факторға тәуелді: пайыздың шынайы ставкасына және таза кіріс нормасына. Инвестицияларға жұмсалатын шығынның көлеміне негізгі капиталды сатып алу, оны пайдалану және оған қызмет көрсету, капиталдағы өзгерістер, технологиялар және басқа да уақытша факторлар әсер етеді.
Соныменен, жиынтық сұраныстың көлемін айқындайтын жоғарыда көрсетілгендей тұтынушылық пен инвестицияға жұмсалатын шығындар тұрақты болмайды. Бұл нарықтык макроэкономкада тұрақсыздық шақырады.
Дж. Кейнстің экономиканы теңгерімдеу үшін, оның тепе-теңдігін қамтамасыз ету үшін тиімді сұраныс болуы керек деп есептейді. Соңғысы тұтынушылық пен инвестицияларға деген шығындардан тұрады. Тиімді сұранысқа демеу жасауды осы сұраныстың өсімін инвестицияларының өсімімен байланыстыратын мультипликатордың көмегімен жүргізу керек. Және де бұл жағдайда әбір инвестиция тұтынушылық пен жинқтауға кететін жеке кіріске айналады. СКАЧАТЬ