Название: Тауарлар мен капиталдың халықаралық қозғалысы. Оқу құралы
Автор: Әсемгүл Бекмухаметова
Издательство: КазНУ
Жанр: Экономика
isbn: 978-601-239-159-6
isbn:
Егер де пайыздың ішкі ставкасы әлемдіктен аз болса, капиталдың елден шетелге шығарудың өсуі байқалады, яғни шетел валютасына сұраныстың өсуін қозғайды, мұның салдары ретінде таза экспорттың өсуіне, IS ирегінің оңға жылжуына және пайыз ставкасының ішкі көтерілуіне алып келеді.
Ішкі пайыздық ставканың құлдырауы жағдайында ішкі құнды қағаздарды шетелдіктерге айырбастаудың, бұған сәйкес капитал қоғалысы шотының нашарлауы жүретін кері процесі байқалатын болады.
Капитал мобилділігін үш түрге бөледі:
1) мінсіз капитал мобилділігі. Бұл жағдайда ішкі құнды қағаздар шетелдік қағаздардың орнын басады, олардың бағасы (олай болса, пайыздық ставка да) әлемдік нарыкта бекитін болады. Әлемдік нарықтағы басым пайыздық ставка дегейі шағын ашық экономикада да басым болады;
2) мінсіз капитал мобилсізділігі. Бұл жағдайда ашық экономика капитал нарығы әлемдік капитал нарығынан мүлде қол үзген жағдайда болады. Капитал қозғалысы шотының теңгерімі (балансы) ішкі пайыздық ставкадан тәуелсіз әрдәйім нөлге тең болады;
3) жетілмеген капитал мобилділігі. Әдеттегі жай ретінде қарастырылатын бұл мобилділікте ішкі құнды қағаздар шетелдік құнды қағаздардың жетілмеген алмастырғышы болып табылады. Капитал қозғалысы шотының теңгерімі пайыздық ставканың өзгеруі функциясы түрінде көрінеді. Ішкі пайыздық ставка көтерілген кезде (шетелдік пайыздық ставка тұрақты болып қалады деп болжана отыра) капитал қозғалысының шоты жақсарады.
Қарастырылып отырған жағдайдағы сауда теңгерімі жалпы ішкі өнімнің тікелей функциясы болып, ал таза капитал құйылу ағыны (капитал қозғалысы шотының балансы) пайыздық ставканың тікелей функциясы болып табылатындықтан, ЖҰӨ деңгейі мен пайыздық ставка капиталдың таза құю ағыны сауда теңгеріміне сәйкес болған жағдайда сыртқы тепе-теңдік (төлем теңгерімінің тепе-теңдігі) жағдайына қол жеткізу мүмкін болады.
Бекітіліген валюталық курс жағдайындағы ақша ұсынысы, жоғарыда атап өтілгендей, Орталық банкі жариялаған деңгейдегі валюталық курсты демеу саясаты жүзеге асырады. Бұған байланысты экономиканы реттеудің монетарлық әдістері тепе-теңдікті қамтамасыз ету қажеттілігімен қайшылыққа түседі.
Егер де ОБ ақша ұсынысын өсіруге тырысатын болса, онда отандық валютаның нарықтық бағамы төмендей бастайды. Бірақ та ресми бағам бұрынғыдай қала беретіндіктен, отандық валютаны нарықтықпен салыстырғандағы жоғары ресми бағам бойынша Орталық банкіге сату белсенділігі артады, бұл ақша массасының бастапқы деңгейіне дейін төмендеуіне алып келеді. Ынталандырушылық әсерге СКАЧАТЬ