Название: Тауарлар мен капиталдың халықаралық қозғалысы. Оқу құралы
Автор: Әсемгүл Бекмухаметова
Издательство: КазНУ
Жанр: Экономика
isbn: 978-601-239-159-6
isbn:
Ағымдағы операциялар шотына тауарлар мен қызметтер экспорты, импорт, инвестициялаудан түсетін таза кіріс және таза трансферттер жатады. Тауарлық белгі мен тауарлық импорттың арасындағы айырма сауда теңгерімін құрайды. Жалпы алғанда ағымдағы операциялар шоты кеңейтілген сауда теңгерімі ретінде жұмыс істейді.
Капитал қозғалысы шотында активтермен атқарылатын барлық халықаралық мәмілелердің көрінісі беріледі, бұлар: шетелдіктерге активтер, облигациялар, қозғалмайтын мүлік және т.б., сатудан түсетін кірістер мен шетелден активтер сатып алу нәтижесінде пайда болатын шығындар.
Шетелдіктерге активтер сату шетелдік валютаның қорын өсіреді, ал сатып алу, керісінше – азайтады. Сондықтан да капитал қозғалысы теңгерімі активтермен жасалатын барлық мәмілелерден таза шетел валютасының түсуін көрсетеді.
Валюталық резервке ресми түрде алтын, шетел валютасын, ХВҚ-дағы елдің кредиттік үлесін плюс заимға алудың арнайы құқығы (ЗАҚ) және т. б. енгізіледі. Банкілік сектор активі көлемінің 2/3 жуығын елдің халықаралық резерві құрайды. Банкілік сектор активтерінің мұндай құрылымы дамушы елдер мен транзитивті экономикалы елдерге тән болып келеді. Дамыған елдерде резервтер активтердің 20 %-нан аспайды, банкілік сектордағы шетел активтерінің басым бөлігін коммерциялық банкілердің активтері құрайды.
Резервтік активтердің шотында орталық банкі мен үкімет органдары жүзеге асыратын шетел валютасын, алтын мен валютаны, алтын мен басқа активтерді сатып алу-сату операцияларының көрінісі беріледі. Мұндай операциялардың мақсаты пайда алу емес, төлем теңгерімінің бейтеңгерімін реттеу, белгілі бір валюталардың курсын демеу және басқа да мақсаттар болып табылады. Ресми резервтер есебінен төлем теңгерімінің екі бабы – ағымдағы операциялар шоты мен капитал қозғалысы бойынша жетімсіздік немесе пассивтік сальдо жабылады. Бұл орталық банкінің жинақталған резервтік активтерді сату немесе мемлекеттің басқа банкілерден валюталық кредиттер алу жолы арқылы жүреді. Орталық банкі резервінің азаюы рынокта ақша ұсынысының өсуіне алып келеді және теңгерімде плюс белгісімен көрініс береді. Ағымдағы операциялар мен капитал қозғалысы шоттары бойынша белсенді сальдо ресми валюталық резервтердің өсуіне алып келеді және теңгерімде минус белгісімен көрініс береді. Ағымдағы шоттың, капитал қозғалысы шотының және резерв көлемінің өзгеруі сальдосының сомасы нөлді құрауы керек.
Шынайы өмірде төлем теңгерімі оң немесе теріс сальдомен шығарылуы мүмкін. Бұл нәтиже екі шотқа ағымдағы операциялар мен капитал қозғалысына қатысты. Ол халықаралық сауда мен қаржы операцияларын жүргізудің нәтижесіндегі валюта қозғалысының (елге немесе елден СКАЧАТЬ