Название: Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009)
Автор: Бақыт Бөжеева
Издательство: КазНУ
Жанр: Учебная литература
isbn: 9965-29-514-X
isbn:
Дж. Кеннеди әлеуметтік мақсаттарды жүзеге асыру үшін қаражат бөлу саясатын жалғастыру қажет деп есептеді. 1963 жылы үкімет либералдардың қолдауымен конгресс арқылы жоғары білім беру және кәсіптік-техникалық оқыту үшін қаражат бөлу жөніндегі заңға қол жеткізді. Бірақ әлеуметтік саладағы басқа барлық қалған бағдарламалар жүзеге аспай қалды. Кеннедидің әлеуметтік-экономикалық саясатының бағытына қарсы консервативті оппозиция күшейе түсті.
Кеннеди үкіметінің 60-жылдардың басында етек ала бастаған негрлік қозғалыстың жаңа толқынын құптауы да өте қиян-кескі қарсылыққа тап болды. Сонымен қатар консервативті топ өкілдері 1963 жылы Дж. Кеннеди үкіметінің жүргізген сыртқы саясатының бағыттарына да наразылығын білдірді. Бірақ АҚШ-тың бұл кездегі сыртқы саясаты бұрынғысынша қалған болатын. АҚШ бар күш-жігерін бұрынғысынша Кеңестер Одағына қарсы тұруға бағыттаған болатын. Осындай қарсы тұрудың, тайталастың басты алаңы Куба болды. 1961 жылдың сәуірінде Куба аумағына америкалық кемелермен, авиациямен әскер түсірілді. 1962 жылдың қыркүйек айында КСРО Кубада орта қашықтағы ядролық зымырандарын орналастыра бастады. Кеннеди үкіметі бұған жауап ретінде Кубаның әскери-теңіздік қоршауын жариялады. Бірнеше күн бойы шынайы әлемдік ядролық соғыс қаупі туындады. Тек осындай қауіпті жағдайда екі ұлы держава жетекшілерінің өзара байсалдылығы ымыраға келуге әкелді. Кеңестер Одағы Кубадан ядролық зымырандарын шығаратындығын, ал Құрама Штаттары Кубаға басып кіру әрекеттерінен бас тартатындығын мәлімдеді.
Кеннеди үкіметінің Латын Америка елдеріне қатысты сыртқы саясаты 1961 жылы жарияланған «Өрлеу, ілгерілеу СКАЧАТЬ