Название: Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1945–2012). II бөлім
Автор: Рыскелді Мырзабекова
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-0756-5, 978-601-04-0758-9
isbn:
ҚхР әлемдік экономикада алдыңғы орындарды иеленіп келе жатты. Ұлттық табыс бойынша 7 орынды иеленді, ал жалпы сауда бойынша 11 орынды иеленді. Елдің үлесі бүкіләлемдік көлемде ауырөнеркәсіп өндірісінде үш пайыздық деңгейден асты. Қытайдың валюталық қоры 1998 жылы 149 млрд. долларға тең болды. дегенмен адамның басына санағанда 1 млрд. 200 млн адамға санағанда 560 доллар шамасында болды, бұл төмен көрсеткіш еді.
Қытай қазірге дейін аудандарының дамуындағы айырмашылықты құрта алмады, бұл мемлекеттік сектор экономикасының пәрменсіздігіне байланысты. Қытай тарихындағы маңызды оқиға гонконг пен Макаоның бірігуі және елдің оңтүстігінде маңызды стратегиялық плацдарм екі ірі өнеркәсіп орталығының пайда болуы еді.
ҚХР сыртқы саясатының жоспарында ірі аймақтық держава құру және болашақта көпполюсті күштердің бірі болу тұр. ҚХР-дың бұл жоспарына Ресей көмек көрсетуге дайын болса, АҚШ сақтық көзқарасымен қарайды. Тайваньның Формоза аралы XIX ғасырдың соғында жапон-қытай әскерлерінің қақтығысы нәтижесінде Жапонияға қосылған болатын. Аралдағы басшылықты жапон әскери губернаторы өз қолына алды, диктаторлық өкілеттілікті иеленді. Арал әкімшілігі тек қана жапондықтардан тұрды, арал экономикасын өзіне бағындырды, «жапондану» үрдісін жүзеге асырды.
1993 жылдың басында ҚХР басына келген Цзян Цзэминь Тайвань мәселесін шешудің бірнеше жолын ұсынды. Олардың негізгі мағынасы «әлемде бір ғана Қытай бар» деген саясатқа сияды және Тайваньмен бірігу бейбіт жолмен өту керек екенін көрсетті. Егер аралды қосу мәселесін басқа тәсілмен немесе саяси күшпен шешу қажет болса, ҚХР қарулы күшпен өзінің территориялық бірлігін қорғау құқықтарын қалдырды. Тайвань басшылары ҚХР-ға «бір мемлекет екі үкімет» деген өз формуласын ұсынды, теңдікке және екіжақты диалогқа шақырды. Бірігу туралы келіссөздер 1992 жылы басталып, төрт жыл өткен кейін тоқтатылды және қазірге дейін нәтижесі жоқ.
Қытайдың Орталық Азиядағы экономикалық мүдделері. кеңес мемлекетінің ыдырауынан бастап Орталық Азия территориясына Қытай мен Ресейдің экономикалық және саяси ықпал үшін күресі басталды. Екі мемлекетке де Орталық Азия аймағы шекаралас, сондықтан осы аймақтағы тұрақтылық олардың қауіпсіздігімен байланысты. Орталық Азия факторы Шанхай ынтымақтастық ұйымын құрған кезде де шешуші рөл атқарды. ШЫҰ құрамына Ресей, Қытай, Түркменстан және өзге ТМд елдері кіреді. Қытайдың Қырғызстан, Түркменстан, Қазақстанға және өзге республикаларға байланысты қызығушылығы энергия қорлары мен өз тауарларын өткізетін нарықтың қажеттілігімен байланысты.
Қазіргі танда Қытай үлесіне әлемдегі мұнай импортының 35 % келеді. Таскөмір қорларынан Қытай бірінші орын алады, су қорларымен де бай. Мұнай Қытай экспортының маңызды саласы, қазір мұнай өндіруден әлемде бесінші орын алады. Қытай мұнайды Венесуэла, СКАЧАТЬ