Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1945–2012). II бөлім. Рыскелді Мырзабекова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1945–2012). II бөлім - Рыскелді Мырзабекова страница 10

СКАЧАТЬ жүргізуі болды. Жүзеге асырылған осындай қажырлы шаралардың арқасында 2003 жылдың соңына таман Оңтүстік корея экономикасы біртіндеп көтеріле бастады. Бағасы қымбат емес, бірақ сапасы жақсы корей тауарларының әлемдік нарыққа көптеп шығарыла бастауы, ел ішінде жұмыс күшіне деген сұранысты арттырды. Бұл өз кезегінде экономиканың жандана түсуіне әсер етті. Елдің ұлттық жиынтық өнімі өсе түсті. 2004 жылы өсімі 5,3 % жоспарланған, ҰЖӨ 6 % құрады. Бірақ 2008 жылғы әлемдік қаржы дағдарысы ел экономикасын тағы да ауыр жағдайда қалдырды.

Өзіндік бақылау сұрақтары:

      1. Солтүстік кореяда 1946 жылы жүзеге асырылған қандай шаралар Оңтүстік кореяның тұрғындарына қатты әсер етті ?

      2. Ли Сын Манның үкіметінің 1950 жылы жүзеге асырған жер реформасының нәтижесін атап беріңіз.

      Пак Чжон Хидің «ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» деген желеумен елде кезекті төтенше жаңдай енгізуіне нендей жағдай себеп болды ?

      3. Оңтүстік Кореяны «кіші Жапония», төрт «жаңа индустриалды елдердің» айдаһарларының бірі деп аталуына себеп болған жағдайларды атаңыз.

      4. Оңтүстік Кореяда Демократтық-либеральды партияның (ДЛП) құрылуына тиімді ісер еткен жағдайларды атаңыз.

      § 3. Солтүстік Корея

      КХДР-дағы социалистік жаңарулар (1953-1956). Корей түбегіндегі соғыс (1950-1953) аяқталған соң кхДР-дың басты мақсаты соғыста күйреген шаруашылықты қалпына келтіру болды. Әскери қимылдардың салдарынан Солтүстік кореяның негізігі қалалары, өндіріс орындары, коммуникация желілері мен суландыру құрылыстары қирап қалған болатын. Мысалы, ел астанасы Пхеньянда тастан салынған бір ғана ғимарат аман қалды. Елді қайтадан қалпына келтірумен бірге корей Еңбек партиясының Орталық комитеті социалистік жаңартуларды жалғастыруды, атап айтқанда, ауыл шаруашылығын кооперациялауды жеделтеуге шешім қабылдады. кСРО, Қытай және басқа да социалистік елдердің көмегімен ел шаруашылығын қалпына келтіру жаңа техникалық негізде жүзеге асырылды. Бұл еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді. Ел шаруашылығын қайтадан қалпына келтіру жылдарында Солтүстік кореяда 240 кәсіпорын қайтадан қалпына келтіріліп, жаңадан 80 мекеме іске қосылды. 1956 жылдың тамызына қарай еңбек өнімділігі соғысқа дейінгі (1949) деңгеймен салыстырғанда екі есе өсті. Ауылшаруашылығын қайта құру жұмыстары да табысты жүргізілді. Ең алдымен елдің агаралық секторының негізін құрайтын суармалы жерлерді (дамбалар, бөгеттер, су айдайтын бекеттер, каналдар) реконструкциялау жұмыстыры атқарылды.

      Шаруашылық пен бейбіт өмірді қалпына келтірудегі табыстар халық бұқарасына білім алуға есік ашқан мәдени революцияны жүзеге асыру кЕП пен оның жетекшілігінің ел ішіндегі беделін күшейтті. Осы жылдар ішінде ким Ир Сеннің «халықты жеңістенжеңіске бастайтын дана көсем» ретінде жеке басына табыну пайда болды. Оның 1930-шы жылғы жапон басқыншыларына қарсы партизандық қозғалыстағы рөлі асыра көрсетіліп, ел ішінде ол коммунистік идеяға жан-тәнімен СКАЧАТЬ