Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1945–2012). II бөлім. Рыскелді Мырзабекова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1945–2012). II бөлім - Рыскелді Мырзабекова страница 14

СКАЧАТЬ соңғы кезеңі 1974-1976 жылдар. 1975 жылы ҚХР-ң жаңа конституциясы жарияланды. Конституция бойынша әскерилердің құқықтары ұлғайды. Сот жүйесі жергілікті ревкомдардың қолына өтті. 1976 жылдың 8-қаңтарында Чжоу Энблайдың қайтыс болуы партия ішіндегі билік үшін күресті шиеленістірді. дэн Сяопин премьердің орнына тағайындалмай, құғынға ұшырайды. 1976 жылы 9 қыркүйекте 83 жастағы Мао Цзэдун қайтыс болады.

      Реформалар жолындагы Қытай (1978-2000). Елдің әлеуметтік-экономикалық өміріндегі өзгерістер. Мао Цзэдун өлімі Қытайдың жаңа заман тарихындағы жаңа кезеңнің басталғандығын білдірді. Мао Қытайды дағдарысты жағдайда қалдырды. Ресми деректер бойынша, елде 20 миллионға жуық адам жұмыссыз еді. Ал 8 млн. адам жұмыс «іздеушілер» кезегінде тұрды. Жұмыссыздық пен азықтүлік тапшылығы салдарынан елде 100 млн. адам аштық жағдайын бастан кешірді. Адам басына шаққандағы жылдық орташа ақшалай табыс 220 долларды құрады. Ауыл шаруашылығында 80 долларды құрап, әлемдегі ең төменгі деңгейді көрсетті.

      Негізгі азық-түлік пен халық тұтынатын өзге де тауарлар тізімдік парақшалар арқылы берілді. Халық тұтынатын тауарды және ең бірінші кезектегі тауарларды өндіру қарқыны халықтың өсу қарқынынан төмен болды. Бұндай жағдай елдегі әлеуметтікэкономикалық ахуалды одан ары қиындата түсті. 1976 жылы Мао Цзэдун қайтыс бола салысымен билік үшін күрес күшейіп, ел азамат соғысының алдында тұрды. Бұл күресте «мәдени революция» кезінде қуғынға ұшыраған Дэн Сяопин бастаған топ жеңіске жетті. ҚКП жаңа басшылығының әрекеттері реформалар жасаумен байланысты болды. Мао Цзэдун саясаты қате деп жарияланды, «секірістер» мен «реттеу» науқандары елге және халыққа үлкен зиян келтірген құбылыстар ретінде айыпталды. Аралас экономика құруды, рынок механизмдерін пайдалануды, шетел капиталын келтіруді қарастырған ұзақ мерзімді бағыт белгіленді. Біреулер «қытайлық сипаттағы социализм» құрамыз десе, екіншілері «қытайлық ерекшіліктері бар капитализм» құру керек деді.

      Реформалар жүйесіндегі басты шара селолық жерлердегі коммуналарды таратып, кооператив құрылысын жою, отбасылық мердігерлік енгізу болды. Өнеркәсіпте тұрмыстық техниканы шығаруға баса назар аударылды. Бұл үшін өнеркәсіпте құрылымдық қайта құру жүргізілді. Сөйтіп, ауылшаруашылығы халықты азықтүлікпен қамтамасыз етсе, өнеркәсіп телевизорлар, тоңазытқыштар, кір жуатын машиналар, жиһаздарға байланысты күнделікті сұраныстарды қанағаттандырумен айналысты. Ұсақ бизнеске қолдау көрсетілді. Шаруалар артық өнімдерін базарларда еркін сата алатын болды. Жағалаулық қалаларда еркін немесе жеңілдікпен пайдаланатын кәсіпкерлік аймақтар ашылды. Бірақ мемлкеттік сектор әлі де басым еді. Ал, әкімгершілік жүйе нарықтық қатынастардың толық дамуына мүмкіндік бермеді. Реформалар мемлекет тарапынан қатаң бақылау жағдайында іске асырылды.

      Мемлекеттің адамға үстемдігі Қытайда ғасырлар бойы келе жатқан дәстүр. Ел созылмалы дағдарыстар (азық түліктік, демографиялық, экологиялық және ресурстық) СКАЧАТЬ