Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1945–2012). II бөлім. Рыскелді Мырзабекова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1945–2012). II бөлім - Рыскелді Мырзабекова страница 13

СКАЧАТЬ нәтижесінде ҚХР мен КСРО арасында мерзімі 30 жылға созылған достастық, бір-біріне көмек көрсету жөнінде келісімге қол қойылды. Бұдан өзге КСРО ҚХР-ға 300 миллион доллар несие берді. Ал ҚХР болса, бұрындары жапондардың иелігінде болған Маньчжурияның бір бөлігі, Порт-Артур мен Қиыр Шығыс порттарын КСРО-ның пайдалануына рұқсат берді.

      Бағдарламада белгіленгендей аграрлық реформалар 1950 жылдың жазында басталды. Шаруалар ұжымдастырылды, жеке меншікке тыйым салынды. Бірақ бұл ұжымдардың техникалық жабдықталуы нашар еді. ҚХР армиясы Гоминьдан әскерлерін 1952 жылдың орта шенінде жеңді. ҚХР әскери бөлімдері 1951 жылы Тибет территориясына баса-көктеп енді. Осыдан кейін ҚХР-ның құрамына Тибет автономия ретінде енді. 1952 жылы «өтпелі кезең» аяқталған соң КПК «басты мақсат» кезеңіне өтті. Оның негізі социализмге ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпті бейімдеу болды. КСРО-ның көмегімен ҚХР-да 1953-1957 жылдар аралығындағы 5 жылға есептелген жоспар жасалынды. Осы жылдары 156 жаңа өнеркәсіп орындары салына бастады. 1957 жылы оның 68-і қолдануға берілді. Қалаларда буржуазиялық саудагерлер бірте-бірте мемлекеттің қарауына алынды. 1953-1957 жылдар арасында өнеркәсіптердің өндіріс көлемі 141 % көтерілді. Қалаларда тұрғын үйлер салынды. Білім реформасы жүзеге асырылды.

      ҚХР-дың дамуына Сталиннің қайтыс (1953) болуы қатты әсер етті. 1954 жылы қабылданған конституцияда мемлекет құрылысы «социалистік» деп белгіленді. Негізгі билік партияның қолында болды. кСРО-да өткен хх съезде Сталиннің жеке басына табынушылық жөнінде айтылған сөздерді 1956 жылғы КПК-ң VІІ сессиясы құптады. Мао Цзэдун да көп адамдарды репрессияға ұшыратты. 1957 жылы қылмыс жасаған адамдарды «қайта тәрбиелеу» үшін ауыр, қара жұмыстарға апарды. 1957 жылы халықаралық жұмысшы партияларының жиналысына бару мақсатымен Мао Цзэдун КСРО-ға сапар жасады.

      «Үлкен секірістен Реттеуге» дейін. Мао Цзэдун коммунизмге кСРО-дан бұрын жетуді ойластырды. Сондықтан екінші бесжылдықты бір жыл ішінде өту жоспарланды. Ауыл шаруашылығын 2,5 есе, өндірісті 6,5 есе көбейту қарастырылды. Жаңа ұрандар пайда болды: «Үлкен секіріс», «халықтық коммуна», «Жаңа бас сызық» бұл «3 қызыл белгі» деп аталды. Экономиканы осылайша тез қарқынмен дамыту мүмкін емес еді, сондықтан өндірістің көлемі азайды. Белгілі бір кәсіпке маманданбаған өнімнің сапасы төмендеді. Маоның жарлығы бойынша күріш өсіретін жерлердегі торғайларды ұстау талап етілді. Торғайлардың азаюы өз кезегінде құрт-құмырсқаның көбеюіне алып келіп, бұл жаңа қиындықтар тудырды.

      1959 жылы маршал Пэн Дэхуай мен бір топ басшылар Мао Цзэдунның жүргізген саясатына қарсылық білдірді. Нәтижесінде оларға «антипартиялық тұлғалар» деген айып тағылып, орындарынан босатылды. Пэн Духэйдың орнын Маоның жақтасы Линь Бяо тағайындалды. Ал Тибетте КПК-ның жүргізген саясатына наразылық Далай-Ламаның басқаруымен болған көтеріліске алып келді. Далай-Ламаның Үндістанға қашуына тура келді. Мао Цзэдун өзінің қателіктеріне жауап бермеу үшін партия басшылығынан СКАЧАТЬ