Название: Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1945–2012). II бөлім
Автор: Рыскелді Мырзабекова
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-0756-5, 978-601-04-0758-9
isbn:
1995 жылдың соңынан бастап, экономикалық депрессия жағдайынан шығудың алғашқы белгілері біліне бастады. хх ғасырдың соңында жапон экономикасы күрделі стагнация кезеңін бастан кешіруін жалғастыра берді. Азия-Тынық Мұхит аймағында 1997 жылы орын алған экономикалық дағдарыс Жапонияға өзінің теріс әсерін тигізді. Ұлттық жиынтық өнімнің өсімі 1990 жылдардың екінші жартысында 1 % – дан аспады. Он жылға жуық созылған рецессиядан жапон экономикасы 2003 жылы шыға бастады. Бұл өз кезегінде жапон корпорацияларының стратегиялық шикізатқа оңай қол жеткізу мәселесінің өзектілігін артыра түсті. Жапония бұл мәселені өзінің ұлттық экономикасының тұрақты дамуының кепілі ретінде қарастырып отыр. Осыған байланысты соңғы уақытта Жапония каспий теңізі шельфінің мұнай көздерін игерудегі батыстық жобаларға қатысуда белсенділік танытып келеді. 2008 жылдың тамызындағы әлемдік қаржы дағдарысы жапон экономикасының жетекші салаларына қатты соққы берді. Атап айтқанда, автомобиль жасау саласындағы «Тойота», «Мицубиси» сияқты алыптар өндіріс көлемі мен жұмысшы-қызметкерлер санын қысқартуға мәжбүр болды. Сонымен қатар Жапонияның әлемдік нарыққа экспорттайтын басқа тауарларының көлемі азайды.
ХХ ғасырдың 60 жылдары мен ХХІ бас кезіндегі Жапонияның саяси өміріндегі өзгерістер. Қазіргі кездегі Жапонияның саяси жүйесі императорды мемлекет басшысы ретінде сақтайтын көп партиялы парламенттік демократия болып табылады. 38 жыл бойы 1993 жылға дейінгі сайлауларда ЛДП тұрақты жеңіске жетіп үкіметтік кабинетті басқарып келді. Бұл сайлаушылардың ел ішіндегі саяси тұрақтылыққа деген ықыласының зор болғандығын және осы мәселеде ЛДП-ға сенім артқандығының дәлелі болды. 1986 жылы ЛДП ел ішіндегі беделінің шырқау шегіне жетті және осы кезге дейін мәртебені Социалистік партиямен алма-кезек бөлісіп келеді. Бірақ, беделінің жоғары екендігіне қарамастан 1989 жылы ЛДП жоғары палатадағы көпшілік орнынан айрылды. Бұған себеп, коррупцияға қатысты ірі дау-дамай («Рикруто» фирмасының ісі министрлер кабинетінің ауысуына алып келді), жоғары саяси-партиялық топтағы мораль тазалығының төмендеуі, халыққа қосымша ауыртпалықтар алып келген тұтыну салығын енгізу болды. Жапон парламентінің төменгі палатасы (өкілдер палатасы) үшін болған 1993 жылғы сайлауларда ЛДП билікті қолдан шығарып алды. Елдегі билік Социалистік партияның қолына тиді. Жапонияның саяси өміріндегі осындай өзгерістер нәтижесінде ел ішінде мейлінше тұрақсыз күштер қалыптасты, ірі саяси партиялар ішінде жікшілдік пайда болды. Бұл партиялардағы бәсекелес топтардың көшбасшылары ел саясатының ұстанымды мәселелеріне қатысты ымыраға келе алмайтын позицияларды ұстанды.
Қазіргі кезде ЛдП билік басына қайта оралғанымен оның жағдайын мығым деп айтуға болмайды. 1998 жылдың шілдесіндегі парламенттің жоғарғы палатасындағы сайлауларда ЛдП тағы жеңіліске ұшырады. ЛдП жетекшісі Рютаро хасимото биліктен кететіндігін жариялап, жеңіліс үшін өзін кінәлімін деп есептеді. Осы оқиғадан кейін СКАЧАТЬ