Название: Бақыт жолы
Автор: Олжас Сеитов
Издательство: Издательские решения
Жанр: Общая психология
isbn: 9785005686718
isbn:
Ал енді жоғарыда аталған барлық ағаттықтарға қатысты түсінігімізді бекітейік. Пейнхантингте олар нағыз қателіктер болып табылады. Сондықтан біздің мектебімізде әр пейнхантер кодекс қабылдап, оны қатаң ұстанады.
Пейнхантер кодексінің негізгі тармақтары мыналар:
1) сеанс кезінде клиентке кеңес бермеу;
2) клиенттің ісіне субъективті баға бермеу;
3) клиенттің кез келген уайымы мен әңгімелерінің маңыздылығын кемітпеу не қадірін түсірмеу;
4) клиентке аяушылық танытпау;
5) пейнхантинг сеансы кезінде басқа әдістерді пейнхантингпен аралыстырмау;
6) өз пікірі мен көзқарасын тықпыштамау.
Осы тармақтарды есте сақтаңыз. Біз оларға жиі оралатан боламыз. Іс жүзінде қолданғанда, сіз кем дегенде бір тармақты бұзу, пейнхантингтің бар тиімділігін бірден жоққа шығаратынын түсінесіз. Бір рет жанашырлық танытып, аяушылықпен қарап көріңіз, клиент сіздің реакцияңызға ашуланады да, жабылып қалады! Клиенттің іс-әрекетіне қатысты жәй ғана өз пікіріңізді білдіріңіз, сонда ол әрі қарай сізге ашылмайтын болады! Клиент өз проблемаларын асырып жібергенін дәлелдеп көріңіз, ол бірден сізге ренжіп, бұдан былай проблемаларын сізге айтқысы келмейтін болады.
Бұл кодексті күнделікті өмірде қолданатын болсаңыз, басқалармен қарым-қатынасыңыз жақсы жаққа айтарлықтай өзгереді. Бітпейтін ұрыс-керістерден, келіспеушіліктерден аулақ боласыз. Адамды тереңірек түсінесіз, ал ол сізден дана адамды көре бастайды.
Ал енді қорытындылайық. Жұбату, мәселесінің маңыздылығын кеміту, жанашырлық таныту және сендіру адамға 100% көмектеспейді. Яғни, олар эмоционалдық күйіңізді аздап жеңілдеткенмен, жан азабынан арылта алмайды. Біз бұл әдістерді пайдалану қателік екенін және пейнхантингте мүлдем қолданылмауы тиіс екенін білдік. Олай болса жан жарасынан 100% арылуға не көмектеседі? Бұл орайда жақындарыңызға көмектесуді қатты қалағандықтан, не істей аласыз?
1.11 тарау. ҚЖ әдісі – жан ауруын қалай біржола жоюға болады
Сонымен, бізде негіздер бар. Біз жұбаныш, жанашырлық пен кеңестер жан азабынан арылуға көмектеспейтінін түсіндік. Кез келген жағымсыз оқиғада, жағымсыз өзгерістер төрт векторда: денеде, эмоцияда, ойда, есте сақтауда қатар болатынын және олардың жадымызда терең із қалдырып, ешқайда жоғалып кетпейтінін СКАЧАТЬ