Бақыт жолы. Олжас Сеитов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Бақыт жолы - Олжас Сеитов страница 19

Название: Бақыт жолы

Автор: Олжас Сеитов

Издательство: Издательские решения

Жанр: Общая психология

Серия:

isbn: 9785005686718

isbn:

СКАЧАТЬ қызметінің «бағдарламалары жабылады» да, әлемді толық қабылдауға жол ашылады. Бұндай күй «Осында және Қазір» деп аталады. Өмірден барынша рақат алғанда шкала бойынша жоғары көтерілесіз де, дүниені жарқын түстерде көресіз. Негізі, айнала енді ғана жарқырай түскен жоқ, СІЗ оны солай, шын мәнінде бар күйінде көрдіңіз.

      Ал енді осы бейнелердің бір таңғажайып табиғатын айтайын. Егер сіз бұрынғы бір жағымсыз естелікті көп рет қайта қарастыратын болсаңыз, бұл бейне жарқын бола түседі! Бұл жайт қарапайым, сөйте тұра таңқаларлық. Бірақ ең таңғаларлық парадокс – осы білімді ешкім қолданбайды.

      Өміріңізде болған қиын кездерді еске түсіріңіз. Біреудің сізге «бұл туралы тағы айтып берші» деген команданы бірнеше рет айтып тұруын сұраңыз және оған дәл осы оқиғаны бірнеше рет көзіңізді жұмып айтып беруге тырысыңыз. Бұл оқиғаны бірінші рет еске түсіру сізге қиын болатынын байқайсыз, бірақ екінші, үшінші рет еске түсіру жеңілдей түседі. Кейін, бесінші, оныншы немесе жиырмасыншы рет бұл бейненің жарқын бола түсетіні сонша, жағымсыз ештеңе де қалмайды және сіз бұл оқиғаны жантыныштығымен, тіпті мүмкін, жағымды эмоциялармен еске алатын боласыз.

      Рухани тәжірибемен айналысқан не медитацияны терең зерттеген адамдар мынадай қызықты құбылысты біледі:

      «Естілік жамандықты жақсы, ал жақсыны одан да, өте жақсы етеді»

      Немесе, басқаша айтайын. Егер сіз өміріңізде бақыттырақ бола түссеңіз, сіз тіпті жаман нәрселерді жақсы деп қабылдайтын боласыз, ал жақсы нәрселерден одан да керемет нәрсені көре бастайсыз.

      Мен мұны неге айтып отырмын? Мұнымен мен сізге адамның психологиялық күйін жақсартудың экологиялық таза әдісі бар екенін айтқым келеді, оның мәні – бір жағымсыз оқиғаны бірнеше рет қарастыруда не қайталап айтып беруде. Сонда бұл оқиғаның ішінде жаманның бәрі жақсыға айналады, ал жақсысы, одан да керемет болмақ. Ақыр соңында сіздің жадыңыздағы естеліктер жарқырай түседі!

      Түсінген боларсыз, ескі бейнелерді өзгерте отырып, қалған векторларды да өзгертесіз! Эмоциялар шкаласымен жоғарылағанда, сіздің жағымсыз ойларыңыз, позитивті ойларға айнала бастайды.

      Бірақ, өкінішке орай, әрқашан бәрі біркелкі бола бермейді. Жаман бейне ешбір жолмен жақсармайтын кездер де болады, сіз оны көп рет қарастырсаңыз да, оның ішінде қандай да бір жаман кейіпкер, сол күйі жаман болып қала береді. Сондай-ақ, эмоциялар шкаласында да, бір деңгейде тұрып қаласыз және жағымсыз ойларыңыз жақсы жаққа өзгермейді. Неліктен бұлай болады?

      Бұл жағдайда түпсана басқа бір нәрсені, бұның алдында болған оқиғаларда жасырын жатқан түп тамырды көреді. Мысалы, бір қыз жігітімен айырылысып кетті делік. Сіз одан бұның қалай болғанын сипаттап беруін сұрайсыз. Ол жігіттің «бізге айырылысу керек» деп хабарлама жазғанын, басынан өткерген барлық сезімдерін, іс-әрекетін, ойларын айтады. Алғашында ол жылап жібереді. Ол шкала бойынша сәл көтеріледі де, кенет ашу деңгейінде тұрып қалады. СКАЧАТЬ