Бақыт жолы. Олжас Сеитов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Бақыт жолы - Олжас Сеитов страница 27

Название: Бақыт жолы

Автор: Олжас Сеитов

Издательство: Издательские решения

Жанр: Общая психология

Серия:

isbn: 9785005686718

isbn:

СКАЧАТЬ сөйлейді. Бір компанияның үлкен кеңсесіне кіріп, акционерге жолыққыңыз келді делік. Ол үшін сізге алдымен күзетшімен, сосын ресепшн қызметкерімен, сосын менеджермен, кейін акционердің жеке көмекшісімен, содан соң дәлізде күтіп тұрып, оның басқа да қызметкерлерімен әңгімелесуге тура келеді. Тек 30—40 минуттан кейін ғана сіз акционердің өзіне жетесіз. Әлгі қызметкерлер, акционерлер емес, акционердің көмекшілері екенін нақты білесіз, сондықтан олардың талаптарын орындап шығуыңыз керек. Ал егер олармен айтысып, бірдеңені дәлелдейтін болсаңыз, акционерге жете алмайсыз!

      Адаммен әңгімелесуде де дәл солай болады. Алдымен адамның өзімен емес, оның көмекшілерімен сөйлесуіңіз керек. Бірінші кезекте, сізбен әңгімені зиянды қызметкер бастап, жағымсыз бірдеңе айтады. Мысалы, ол жәй үнмен: «Өмірдің мағынасы жоқ, ауа-райы да бұзылған» деп айтуы мүмкін. Бұл «қызметкермен» байланысқа түспеуіңіз керек. Жәй ғана: «Иә, мен сені түсінемін» деп айтыңыз. Сосын ол сіздің жанашырлық танытқаныңызды қалап, жұмыста бастықтың оған әділетсіз сөгіс бергенін аяушылық шақырып айтуы мүмкін. Тағы да бұл тұзаққа түспеңіз. Жәй ғана тыңдаңыз, түсінушілік танытыңыз, «Сізді тыңдап тұрмын» деп растап, «Тағы қандай жағдай болды?» деп сұрасаңыз болады. Әрі қарай басқа да қызметкерлерді кездестіресіз, олар екеу-үшеу не он болуы мүмкін, тіпті одан да көп болар, бірақ әрбір келесі қызметкермен кездесу барған сайын қызықты бола түседі! Тура компаниялардағыдай: қызметкерлер акционерге неғұрлым жақын болса, олар соғұрлым бақыттырақ болады. Және керісінше: иерархияның ең төменгі жерінде әрқашан қыңыр әрі сауатсыздау күзетші болады. Міне, бар болғаны осы.

      Мен тағы да қайталайын, алдымен растаңыз, сонда қажет адамға жетесіз. Түпсананың әрбір «қызметкеріне» растау беріңіз, басқа ештеңенің қажеті жоқ. Сонда сізді ешбір қызметкер ұстап қалмайды да, мазаламайды да, сіз өзіңізге керек адамға оңай жетесіз. Сізді бұл теорияны міндетті түрде іс жүзінде тексеруге шақырамын. Оны автоматты түрде жасауды үйренгенше бірнеше рет жасап көріңіз. Сонда таң қалатыныңыз сөзсіз. Өйткені тіпті ашу кернеген, аса эмоционалды адамдардың өзін осы қарапайым сөздермен емдеуге болады. Растауды алу арқылы адам айқындықты сезінеді. Бұдан оның қауіпсіздік қызметіндегі ақымақ қызметшілері орындарынан «түсіп қалады». Сонда санасы барған сайын сандырақ ойлардан арыла береді. Әрі ол, қоршаған ортаны оң көзбен, жақсырақ қабылдай бастайды.

      Конец ознакомительного фрагмента.

      Текст предоставлен ООО «ЛитРес».

      Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на ЛитРес.

      Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.

/9j/4AAQSkZJRgABAQABLAEsAAD/4gxYSUNDX1BST0ZJTEUAAQEAAAxITGlubwIQAABtbnRyUkdCIFhZWiAHzgACAAkABgAxAABhY3NwTVNGVAAAAABJRUMgc1JHQgAAAAAAAAAAAAAAAAAA9tYAAQAAAADTLUhQICAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAABFjcHJ СКАЧАТЬ