Бақыт жолы. Олжас Сеитов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Бақыт жолы - Олжас Сеитов страница 25

Название: Бақыт жолы

Автор: Олжас Сеитов

Издательство: Издательские решения

Жанр: Общая психология

Серия:

isbn: 9785005686718

isbn:

СКАЧАТЬ бұл әдісті қарама-қарсы жағдайлар әдісі деп атадым немесе қысқаша айтқанда – ҚЖ әдісі.

      Бұл әдістің мәні неде? Сіз ауыр жағдайға тап болған «қызметкеріңізді», сол оқиғаға қайта әкелу арқылы түпсанаңыздағы тұжырым мен ұстанымды өзгертесіз, бірақ сіз оны оқиғаның керісінше болып жатқанына сендіруіңіз керек. Сонда кезінде теріс қорытындыға келген «қызметкер», жаңа позитивті ұстанымдарды жасайды. Бәлкім сіз: «Мұның таң қалдыратын несі бар, бұл туралы жүздеген бизнес-тренерлер айтады ғой және бұған визуализация мен аффирмация арқылы оңай қол жеткізуге болады емес пе?» дерсіз. Жоқ, олай емес!

      Қазір сізге түпсанамызда шешуші рөл атқаратын негізгі нюансты түсіндіремін.

      Сіз жақын адамыңыздан, айталық, әжеңізден айырылудың қайғысын бастан өткердіңіз делік. Сол кезде сіз: «Адаммен жақын қарым-қатынаста болу қауіпті, өйткені одан айырылу ауыр соғады» деген тұжырым жасадыңыз. Бұл «функцияны» түпсанаңыздағы «бағынышты қызметшіге» тапсырдыңыз да, бұл жайлы ұмытып қалдыңыз. Ал енді осы жағдайды түзету үшін, осы қызметшіні тауып, онымен «әңгімелесу» керек, оған қазір бізді ешкім тастамайтынын және «жақын адамымызды жоғалтамыз» деген ескі команданың қажеті жоқ екенін түсіндіру керек. Ал аффирмациялар не істейді? Неліктен олар жеткілікті түрде тиімді емес?

      Аффирмация – нақты бір бағынышты қызметшінің емес, акционердің жеке өзінің сенімі болып табылады! Міне, бар айырмашылық осыда. Елестетіп көріңізші, компанияда бір қарапайым есепші үнемі қателеседі. Мысалы, ол сіздің бизнесіңіз үшін табыс салығын төлеуге 10% мөлшерлемені пайдаланудың мүмкіндігі бола тұра, 20% мөлшерлеме бойынша есептейді. Бұл жағдайда осыған жауапты нақты есепшіні тауып, оны үйретудің орнына, сіз күн сайын акционермен кездесу ұйымдастырасыз. Сөйтіп бұл кездесуде сіз оны стандартты мөлшерлеменің орнына, жеңілдік мөлшерлемесін қолдануға болатынын табандылықпен түсіндіріп сендіресіз. Акционер мұны жақсы түсініп тұр, бірақ қандай да бір себептермен оның компаниясында есеп ай сайын 20% мөлшерлемемен өткізіледі. Бұл нағыз ақымақтық, солай ғой? Аффирмация дәл осылай жұмыс істейді! Сіз жаңа позитивті ойды түпсанаңызды ескермей, тек санаңызға жеткізесіз! Сондықтан да сіз тоқылдақ сияқты «мен баймын, мен баймын» деп өз-өзіңізге шексіз қайталайсыз, ал сіздің түпсанаңыз бұған сенбейді, тіпті бұнымен келіскісі де келмейді. Әрине, бұл аффирмацияны іштей жүз, бес жүз не мың рет өз-өзіңізге айтсаңыз болады. Бұдан бір күні сіз аздап байып та кетерсіз, бірақ түпсана күшінің есебінен емес, сананың күшімен.

      Ал ҚЖ әдісі және жалпы алғанда пейнхантинг әдістемесі, бұл жұмысты дұрыс және туралықпен орындайды. Демек біз онсыз да бәрін жақсы білетін әрі түсінетін санаңызға 100 рет қайталап тықпыштамаймыз, қайта түпсанаңыздағы теріс тұжырымға жауапты белгілі бір «қызметшіні» табамыз және дәл оның өзін жаңа позитивті ойды қабылдауға «көндіреміз»! Біз бұл «қызметшіні» екі секунд ішінде және мәнсіз қайталаулар арқылы емес, эмоциялар СКАЧАТЬ