Бұрынғы ойларды еске түсіріп, санасына қазбалай үңілген адам кейде басынан өткен барлық қайғылы оқиғалар үшін өзін кіналай бастауы мүмкін. Нәтижесінде, оған «ойлар материалдық» деген идея тым қатал бола бастайды, сондықтан оны қабылдағысы келмей санасынан лақтырады да, дүние хаосқа толы екеніне және бұл хаосқа еш әсер ете алмайтынына сене бастайды.
Сондықтан, ақырында, жағымсыз жағдайдың түп-тамырын табудың, яғни СЕБЕБІН іздеудің орнына, САЛДАРЫНА ұрынады. Ол басқаларды кінәлай бастайды және жүріс-тұрысына жауапкершілікпен қарамайы. Өз өміріне еш әсер ете алмаймын деп санап, барған сайын өмірін басқарып отырған ата-ана, мемлекет, апаттар, планеталар, сандар мен күндер және т.б. дегенге сене бастайды.
Бірақ ащы шындық мынадай – сенсеңіз де, сенбесеңіз де өз тағдырыңыздың, өз өміріңіздің иесі сіз өзіңізсіз. Қалай болған күнде де, Құдай, жұлдыздар мен планеталар, өмірімдегі суреттерді салады деп ойласаңыз да, өз ойларыңызбен өміріңіздегі «бейнелерді салуды» өзіңіз жалғастырасыз.
Бұған, әрине, бірден сену қиын, бірақ онкология, қант диабеті немесе инфаркт сияқты аурулар да өздігінен пайда болмайды. Олардың белгілі бір психологиялық себептері бар. Бұл аурулар санада қалған күйреткіш әсері бар бұрынғы ойлардың нәтижесі. Тіпті көшедегі бомж осылай үй-күйсіз адам болуға өз еркімен шешім қабылдаған. Ер адаммен ешқашан жақын қарым-қатынаста болмаған 40 жастағы әйел де, өмірінің белгілі бір кезеңінде осылай жалғызбасты өмір сүруге шешім қабылдаған. Көлік апатынан қайтыс болған адам да, апатқа дейін өлуді шешкен. Мен мұны теорияшы-пәлсапашы ретінде айтып отырған жоқпын. Мен мұны тәжірибеші ретінде айтып отырмын. Мен және пейнхантерлер тобым, клиенттердің ойларының «түпкі тамырын» мыңдаған рет сәтті тапқан болатынбыз, осы ең түпкі ойлары өмірлеріндегі бүгінгі проблемаларына әкелген. Сондықтан мынаны растай аламыз: иә, ойлар шынымен де материалды!
Бірақ бұған қатысты абыржымаңыз деп айтуға қуаныштымын. Кітапты оқу барысында үнемі осы шындықты есіңізге түсіріп, қайта-қайта сендіріп отыратын болады деп уайымдамаңыз! Біз бұдан әрі қарай жүреміз! Мен сізге осы түпкі ойларды дәл анықтауды және СКАЧАТЬ