Бақыт жолы. Олжас Сеитов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Бақыт жолы - Олжас Сеитов страница 11

Название: Бақыт жолы

Автор: Олжас Сеитов

Издательство: Издательские решения

Жанр: Общая психология

Серия:

isbn: 9785005686718

isbn:

СКАЧАТЬ түсіну соншалықты қиын емес. Бірақ егер қабырғасы қайысып тұрса да, адам үнемі күлімсіреп жүруі тиіс деп қабылданған Батыс әлемінде өмір сүрсеңіз, онда бұл жағдайда жаңылысып қалуыңыз мүмкін. Мұны әдетте ер адамдар онша байқай бермейді және шынайы емес эмоцияларға оңай сенеді, ал дәл сол сәтте олардың сезімтал әйелдері сол адамдардың шынайы бет-бейнесінің қандай екенін алғашқы секундтан-ақ түсіне алады. Демек, жалған эмоция – бұл өзгеге әсер қалдыру үшін, былайша айтқанда бетперде киіп ел алдында көрсетілетін эмоция. Ал шынайы эмоция – көңіл түбінде, жан дүниесінде сезініп жатқандары. Мысалы, сіз қонақтарды қарсы алып жатқанда іштей енеңізге ашулануыңыз мүмкін, бірақ бет-жүзіңізге қуаныш маскасын «киіп» аласыз. Егер сіздің енеңіз өте сезімтал болса, ол сіздің жалғандығыңызды түсіне қояды, ал егер олай болмаса, ол сіздің жалған эмоцияларыңызға сенеді.

      Сонда бізге бұл нюанстар не үшін қажет? Ортақ мақсатымызды жақсы түсіне алуымыз үшін қажет. Ал біздің ортақ мақсатымыз – сізді бақытты ету!

      Дәл осы кезде сіз, біріншіден, бізде пейнхантингте бақытты болғансып көріну деген мақсат жоқ екенін нақты түсінуіңіз керек! Біз сіздің жасанды, жалған эмоцияларыңызбен жұмыс жасауды мақсат етпейміз. Өкінішке орай, қазіргі заманғы көптеген коучтар, әсіресе Батыстағы, бізді позитивті эмоцияларды жасанды түрде жасауға талпындырады. Олар біздің жанымыз бұған бейімделеді, сондықтан сәлден кейін өзімізді шынымен бақытты сезіне бастаймыз дегенді айтады. Бұл қандай да бір шамада дұрыс-ақ, бірақ бұны кофе ішумен салыстыруға болады. Егер сіз сәл ұйқыңыз қанбай тұрсаңыз, қою кофе ішіп ояна аласыз, бірақ егер тек екі сағат қана ұйықтаған болсаңыз, онда ешқандай кофе көмектеспейді. Бұл жағдайда сізге өзіңізді азаптамай, жәй ғана ұйықтап алу керек. Яғни, егер қатты күйзеліске түссеңіз, ешқандайда жасандылық сізді бақытты етпейді. Пейнхантингте біз жан дүниеңізде сезініп тұрған шынайы эмоцияларыңызбен жұмыс жасаймыз. Жүздеген пайдасыз аффирмациялар, визуализациялар және медитация бізді жасанды эйфорияға итермелейді, бұның салдарынан жан дүниемізде тереңде жатқан жаралар мен жан азабы емделмей сол күйі қалады. Ал пейнхантинг көзбояушылық жасап, бақытқа жеткізгендей етпейді, ол азапты жан жараларыңыздан арылта отырып, жан дүниеңізге шынымен бақыт сыйлайды.

      Екіншіден, пейнхантинг сізді «тәулік бойы бақытты» етпейтінін түсінуіңіз керек. Тәулік бойы бақытты боп жүретін адам – шындығында жан дертіне ұшыраған ауру адам. Мысалы бұл нашақор, өйткені ол дүниені дұрыс қабылдамайды. Бұл өзгелердің наразылығын түк елемей, бәрін сүйе беретін маскүнем. Бұл өзін Құдайдың елшісі санайтын жан дертіне ұшыраған науқас. Пейнхантинг сізді мұндай етпейді. Керісінше, дүниені бұрмалаусыз және әсірелендірілген жағымсыз бейнелерсіз адекватты қабылдауға көмектеседі. Пейнхантинг сізге күштірек, ақылдырақ және стреске төзімдірек болуыңызға көмектеседі. Сіз барлық басқа адамдар сияқты эмоциялар шкаласы бойынша СКАЧАТЬ