Бақыт жолы. Олжас Сеитов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Бақыт жолы - Олжас Сеитов страница 13

Название: Бақыт жолы

Автор: Олжас Сеитов

Издательство: Издательские решения

Жанр: Общая психология

Серия:

isbn: 9785005686718

isbn:

СКАЧАТЬ байланысты? Адам бұрын болған эмоционалды күйге байланысты. Сонымен, егер қыз бастапқыда қуаныш күйінде болса, онда анасының жәй наразылығы оны бейтарап күйге түсіреді, мүмкін оның көзқарасы да бейтарап болар. Мысалы, ол: «Анам сұрамаған нәрсені жасауға тырыспаған дұрыс» деп ойлайды. Бұл ойы оның жанын ауырта қоймас.

      Ал егер анасы наразылығын білдіріп қана қоймай, баланы ұрып жіберіп, ұрсып, ақымақ деп атаған болса, онда ол ашу деңгейіне, тіпті одан да бетер, апатияға дейін түсіп кетеді. Сәйкесінше, балада: «маған айқайлауына анама ешқашан жол бермеймін» деген ызалы ойлары немесе «Бұл дүние әділетсіз және қатал, сондықтан жақындарыңның қолдауына арқа сүйеме» деген үнжырға түсіретін ойлары болуы мүмкін. Мәнін түсіндіңіз бе? Ойлардың шын мәнінде өзіндік «көлеңкесі» болады. Олар әрқашан эмоцияларды «қамтиды»! Бұл теорияның ғылыми түсіндірмесін іздеуге тырыспаңыз, өйткені аса маңыздысы бұл емес. Ойлар немқұрайлы, ызалы, қайғылы не керісінше, позитивті және қуанышты болуы мүмкін екенін жәй ғана қабылдап елестетіп көріңіз.

      Сонымен, қорытындылайық. Сіз бір мезгілде екі векторға, ойлар мен эмоцияларға, назар салуды үйрендіңіз. Олар бір-бірімен өте тығыз байланысты.

      Осы екі вектордан басқа, біз әрі қарай қалған екеуімен, дене және жадымыздағы бейнелермен, жұмыс істеуді үйренеміз. Бірақ әрі қарай жылжымас бұрын, ойлардың тағы бір қызықты табиғатын қарастырайық. Біз олардың «өмір сүргіш» сипаттамаларын қарастырамыз. Сәлден кейін сіз санаңызда күніне он мыңдап туындайтын ойларыңыздың ешқайсысы да, арнайы қайта еске түсіріп, олардан өзіңіз бас тартпайынша, ешқайда жоғалып кетпейтінін түсінесіз.

      Балалық шақта қабылдаған көптеген шешімдер, нанымдар, ойлар, тұжырымдар мен постулаттар түпсанамызда тұратынын және олардың ешқайда жоғалып кетпейтінін түсінесіз. Олар ұмытылмайды да, жойылып та кетпейді!

      1.6 тарау. Үлкен корпорация сияқты ақыл-санамыз

      Мынадай қызықты құбылысты байқағансыз ба: өзіңізге бірдеңені ұмытпауға уәде бердіңіз, сосын бұл уәдеңіз ішкі дауысыңызға айналады, кейінірек бұл ішкі дауыс ұмытпау тиіс нәрсені еске салады.

      Мысалы, іссапарға бару керек болғанда, сіз заттарыңызды жинау үшін үйге барар жолда: «Құжаттарды чемоданға салуды ұмытпа» немесе «сөмкеге смартфон зарядтағышын салуды ұмытпа» деп ішіңізден ойлаған шығарсыз. Кейінірек қажет нәрсенің бәрін жинап болған соң сіз түпсанаңызда алаңдаушылық сезіндіңіз де, сізге онымен «сөйлесуге» тура келді. Сөйтіп сіз оны мұқият тыңдағанда, кенеттен ол: «Құжатты чемоданға сал» немесе «Зарядтағышты сөмкеге сал» деген ақпарат береді. Бұл ақпарат ойлар, ішкі дауыс немесе бейне түрінде келуі мүмкін. Бұл аса маңызды емес, десе де бұл сізге таныс жайт қой? Жоспарлаған заттардың бәрін салып болғаннан кейін ғана тынышталып, мазасыз күй кешпейтініңіз сөзсіз.

      Немесе, мысалы, сіз көйлегіңізді үтіктеп жатқанда, балаңыз ойыншығына қатысты көмек сұрап сізді шақырып жатқанын СКАЧАТЬ