Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 19

СКАЧАТЬ Неге екі жүз немесе жүз отыз болмайды.

      – Жүз, екі жүз болатын халық көп емес. Ал елуден аз болса орыстардың тегеурініне шыдай алмайды. Бет-бетімен кетеді. Ал мен айтқан көлемде болса арасына орыс кіре алмайды, шоғырланып отырған халықты көшіре алмайды. Патша қанша мықты болғанмен, шоғырланып отырған халықтан қаймығады. Кем дегенде сендерден елу-алпыс шақырымдай алыстау аймаққа қоныстанады. Ал менің айтқанымды жасамасаңыздар, қазіргідей төрт-бес үйден отырған қазақтар қасына орыстар келіп қоныстананады да тіліне, дініне әсер етеді. Бұл екеуін жоғалтсаң елдіктен айрыласыңдар. Және екі-үш үй болып отырғанды көшіріп жіберу онай. Сен анау татарлардан мықты емессің, Қазанды орыс патшасы жаулап алған соң тоз-тоз болып жан-жаққа қаңғып кетті. Бір шеті қазақ жеріне келіп жатыр. Сендер би болсаңдар, елді руға бөлмей, бір үлкен ауыл болып отыруды насихаттауларың керек.

      Ауыр мінезді Түсіп үндемей, көбіне тыңдап келеді. Қаспақ да әлі Шоңның айтқанын іштей толғап келе жатқан секілді. Екеуі де сөзге араласпайды. Тек тыңдаушы ғана болып келеді. Сөзге беріліп келе жатқан жалғыз Әлсен ғана. Ол тағы да сөз туындатып:

      – Сонда негізгі тіршілік көзі болып отырған малды қайда жаямыз? – Бұл да, ақылдасып алғандай, Телқозының сөзін қайталап отыр еді.

      – Мен бұл туралы сендерге сан рет айтқанмын. Неге қайталай бересің! Бүкіл Нұра бойына қатарлап Тоқалар қоныстанып отырып алса, арасына келіп бір орыс қоныстанбайды. Сонда бүкіл өзен бойы сенікі болады. Нұраның терістігі мен шығысында қанша жер жатыр, сол мал үшін нағыз өріс. Өзен бойынан алыс жерге барып орыстар қоныстанбайды. Қазақтың барлық тіршілігі бұдан былай жалғыз малмен қалмайды. Ана орыстар тәрізді огородтар салу керек. Тағы да қайталап айтамын, үлкен ауыл болып отырсаң, орыс жуымайды. Оларға әлгі огородтарын салу үшін су керек. Сол себепті олар сусыз жерге бармайды. Ал мықтап қоныстанып алған елді орныңнан көш деп айта алмайды. Түсіндіңдер ме, қазіргі мәселе малда емес, сулы жерде. Егер шашырап отырсаңдар енді бір жиырма, елу жылдан кейін бүкіл Нұра бойына орыс қоныстанады. Менің осы айтқанымды орындамасандар, Тоқалар жақсы жерден айрылады. Ішім сезіп отыр, қазақ жеріне орыстың қоныстануы алдағы уақытта күшейеді. Орыс деген халық жер болса болды жүре беретін көрінеді. Мен орыстардың газет-журналдарынан оқып отырмын, бір шеті сонау шығыста теңізге дейін кетіп қалыпты. Оған қатынайтын темір жол салып жатыр. Ал мына іргесіне жақын қазақ жеріне міндетті түрде келеді.

      – Шоң, орыстар біздің ауылдың іргесіне келіп қоныстанып алды ғой, енді оны қайтеміз, – деді Түсіп.

      – Түсіп, олай болса анау Үлкен көңдегі отырған туыстар мен Елгелділерді көшіріп алыңдар. Содан кейін бір орыс жуымайды. Тағы да келуі мүмкін. Оны жасамасаңдар сан орыстар көшіп келе береді, маңайларына.

      – Сен оны қайдан білесің. Сенімен ана ояз ақылдасты ма? – деп сұрады Әлсен.

      – Әлсен, есіңде болсын, ешқашан саған орыстар мына жерге көшіп келетінін айтпайды. Ол жасырын шаруа. Ал қазіргі саясаттың өзі орыстардың қазақ жеріне көптеп келетінін дәлелдеп отырғандай.

      – Ана СКАЧАТЬ