Название: Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап
Автор: Қанат Жойқынбектегі
Издательство: Издательские решения
Жанр: Историческая литература
isbn: 9785005549501
isbn:
Шоң болыс
Карбышев бірде Омбыға барғанда Павловичтің орнына отырған адамға кіріп шыққан. Ол әңгіме үстінде, «Сіз ана Жайықбаевты ренжітпеңіз» – деді. Карбышев Ыбырайдың да бұған тесік тапқанын білді. Сонау жылдары Атбасарда старшина болып істеп, орыстармен сиыспай Ақмолаға қайтып келген. Атасы Қоңырқұлжаның қарауында істеп жүрген. Атасы ауырып қалғанда біраз уақыт оның орнына дуанбасы болған. Онда Омбыда губернатор қарауында істеп жүрген Карбышевтің өзі оны атасының орнына қоюға себепкер болып еді. Өзі ояз болып келгенде де жұмысына араласып отырған. Бір аздау жанжал болып, содан Карбышев оның шын бетін біліп алған. Ол кез-келген бастықтардың басын ақшамен айналдырып алады деген Шоңның сөзіне Карбышевтің көзі енді анық жетті. Губернатордың жаңа орынбасарының да тілін тапқанын білді. Жайықбаевтың соңғы кезде айтқанын тыңдамай, өз қалауымен іс жасап жүргенін білетін. Ол мұндай еркіндікті губернатордың жаңа орынбасары арқасында алып жүргенін де біліп қалған. Карбышев оны мұндай еркіндікке жібергісі келмеді.
Карбышев сол жолы генерал-губернатордың өзіне кіріп, уездегі біраз жағдайды баян еткен. Төрелердің киргиздарға әлі де билік жүргізетінін, оларға айтқандарын жасатып, болыс сайлау тұқым қуалаушылыққа айналып кеткенін, өңкей болыстар өзі орнына, көбіне жергілікті билермен ақылдасып алып, баласын, болмаса інісін қойып, бұл жұмысты өз меншігіне айналдырып алғанын айтқан. Губернатор мұндай сөздерді басқа уездерден де естіп отырған.
Губернатор ойланып отырып: «Болыстарды ондай еркіндікке жібере берме! Онда орыс билігі азаяды. Тіліңді алмайтын болыстардың бәрін қу!» – деп тапсырған. Екеуінің де ойлары бір жерден шыққан еді сол жолы. Карбышевке губернатордың мына сөзі еркіндік, күш бергендей болды.
Ол келісімен көбіне өзінің сөзі емес, Ыбырайдың тілін алатын болыстарды өзгерте бастаған еді. Сайлауға өзі бармайтын, жергілікті билерге жаманатты болмау үшін әдейі Ыбыраймен бірге Герасимовты жіберіп, болыс етіп пәленшені, түгеншені сайлауды ашық айтатын алдында. Алайда, көбіне Ыбырайдың дегені болып келіп жүрді. Жергілікті билер көбіне соны қолдайтын. Осылайша Ыбырай болыс сайлауын өткізуді пайда табу көзіне айналдырып алған. Мұны білген Карбышевтың іші күйіп кеткендей болды. Жайықбаевтың қалтасына көп байлық түсіп жатқанын жақтырмады. Содан оны болыс сайлауынан біржола айыруды ойлады. Енді көбіне Герасимовпен бірге Ыбырайды жібермейтін болды. Жергілікті болыстарға жаманатты болмау үшін Карбышевтың өзі де бармайтын. Болыс сайлауына көбіне Герасимовпен бірге тіл алғыш заседательдерді жіберетін. Ыбырайсыз өткен алғашқы сайлаудан соң жергілікті бір болыс Ыбырайға келіп, өкпесін айтқан. Ол болса Карбышевке кіріп, ренішін білдірген еді. Содан Ыбырай мен ояз арасында біраз әңгіме болып қалған. Карбышев оған айтты:
– Бұл менің шаруам емес, генерал-губернатордың тапсырмасы. Болыс сайлауында қазақшылық көбейіп кетті. Содан кейін ол кісі осылай жасап отыр…
Ыбырай мына сөзден кейін айтары бітіп қалғандай болып, Карбышев қабинетінен шыққан еді.
Карбышевке губернатордың сөзі күш беріп, енді Герасимовты жіберіп, біраз болыстарды өзгерте бастады. Өз көңілінен шыққан адамдарды қойғызды. Өйткені, көбіне болыстарды билер қолдайтын. Содан орнына қайыра сайланатын. Мұндай болмау жағын ойластырды. Әліде өзінің орынбасары Ыбырайды жібермеуге болмайды. Амалсыз жібереді. Болыс сайлауына Жайықбаевпен бірге кетіп бара жатқан Герасимовқа жүрер алдында ұзақ ақыл айтып жіберетін. Дегенмен Ыбырайдың ықпалы әлі де бар еді. Жергілікті билер оны төре деп сыйлайтын. Сонысын ол қатты пайдаланатын. Бір кезде Қоңырқұлжамен дос болған, оны әкесіндей сыйлайтын. Оның өзі жоқ болса да, әйелі Қаниса бар, соны силап, олардың күйеу баласы бұл төрені жұмыстан қууға бара алмай жүрген еді. Сондықтан болыс сайлауына оны амалсыздан жіберетін. Параға берілген Герасимов та кейде соның ықпалында кетіп қалатын. Герасимовтың жарасы жеңіл еді, оны қызметтен айдап шығу оңай, бірақ ол жергілікті билердің мінез-кұлқын жақсы біледі, әрі қазақшаға судай ағып тұр. Сол қасиеттерін бағалайтын. Енді болыс сайлауының билігін Карбышевтың өзі қолына біржола алған соң ол Герасимовқа айтқан, сен Ыбырайдың дегеніне кете берсең қызметтен қуамын деген. Мұндай майлы жерден оның да кеткісі келмейтін. Оның айтқанын жасамаса бұл қызметтен қуылатынын Герасимов онсыз да білетін. Қарбышев осындай шаруалар жүргізіп отырып, бір күні кеңсесіне Шоңды шақырды.
Шоң кезекті жер дауынан келіп отыр еді, Карбышевтің айтқаны:
– Шоң Телқозинович, сені бір жерге болыс етіп жіберсем қалай қарайсың?
Жер мәселесі жүгірмелі жұмыс. Әрі дау-жанжал көп еді. Шоң сөзге келместен бірден келісті.
– Қайда барғың келеді?
– Жіберсеңіз, өзімнің туған жерім Қараағаш жаққа барғым келеді
– Оның дұрыс. Мен сені бүкіл Нұра бойына жібергім келіп отыр. Әр ру сұлтан кезінде өз алдына бір-бір болыс жасап алған. Оны Ыбырай жалғастырды. Соларды таратқым келеді.
– Сіз мені сонда Нұра бойындағы қай болысқа СКАЧАТЬ