Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 21

СКАЧАТЬ естіген еді. Ол мынадай әңгіме еді: Баяғыда Кенесары Ақмола бекінісін талқандап, Қоңырқұлжаның малдарын айдап әкетіп бара жатқанда жолда кездескен жылқыларды қосып алып отырады екен. Байлар малдарын сай-салаға қуып, тыға бастағанда, Лау жылқыларын тықпайды. Қайқаң көлінің жағасында жатқан екен. Алса алсын депті. Кенесары жылқыларды айдап алмастан бұрын ол малдың кімдікі екенін біліп отырады екен. Сонда шапқыншы мұның Лау мырзаның жылқысы екенін айтқанда, «Олай болса оның жылқысына тимендер. Оның малы – көптің малы» – деген екен Кенесары. Шоң отырып сол жайында Лаудан сұрады:

      – Сонда Кенесары сіздің жылқыларыңызды неге әкетпеді?

      – Мен біздің елден Кенесарыға көмектесуге баратын болған адамдарға бір-бір жүйрік аттан берген едім. Соны ол барғандардан естіп, сол жақсылығым үшін жасаған болуы керек…

      – Әділ болған болды ғой онда…

      – Ел оны қатыгез, жауына да, досына да мейірімі жоқ дейді. Ол бос сөз. Ол жағдайға қарай іс жасайтын.

      Мен бірде Қайқаң жағасында отырғанмын. Түс ауа Кенесары келді. Дастархан жасап, тамақ әзірлеттім. Сөйтіп отырғанда, Нұра жағасында балық аулап жүрген бес орысты ұстап алып келді оның адамдары. Қасындағы татар тілмашы арқылы қайдан келе жатқанын, қайда бара жатқандарын түгел сұрады. Мен ол орыстарды білуші едім, балық аулап ішкі Ресейге жіберетін. Кенесары отырып менен сұрады: «Лау, мына кісілерді не істейміз», – деді.

      Менің жаным ашып кетті де «Сұлтан, мен бұларды білемін. Ешкімге зияны жоқ, балық аулап жүрген орыстар» – дедім. «Олай болса, жіберіңдер», – деді ол. Бұл да әділдік емес пе? Тек айтқаны, орыс жерінде өзендер көп, балықты содан барып аулаңдар деді. Сол күні күн бата Кенесарылар оңтүстікке қарай жүріп кетті. Арада үш күн өткен соң орыстың бір бастығы келіп тұр. Қасында мен босаттырған орыстың бірі бар. Кенесарыны конақ еткенді біліп келген болуы керек, маған тиісе бастады. «Ол патшаның жауы, сен оны үйіңде неге қонақ етесің?».

      «Мен оның кімге жау екенін білмеймін. Үйіме келді. Қазақ тәртібімен қонақ еттім. Міне, сен келдің. Сені де қонақ етемін. Отыр!» – дедім. Ол отырмады. Қасына ерген, мен босаттырған орыстан сұрады.

      Әлгі орыс бастығынан қорықты ма, менің айтқаным жалған деп айта бастады. Қаным қарайып кетті. Қасындағы татар тілмаш жағдайды айтып, зорға түсіндіріп, әрең құтылдым. Бұл орыстардың да жақсылыққа жамандық жасайтыны бар екен. Соны білдім. Сонда әлгі орыстарға жаман ренжідім.

      – Леке, ондай адамдар кез келген халықта болады. Ол соның арасында бір шен алғысы келген адам болар. Ол үшін жалпы орысты жамандамаңыз.

      Лау үндемей қалды. Осымен сөз бітіп қалғандай болды. Дегенмен Лау Шоңның мына сөзін жақтырмай қалғандай.

      – Болыс болған соң солай сөйлеп отырсың ғой.

      – Солай сөйлеу – менің міндетім.

      – Сен кешегі Жанкелді ұрпағысың. Олай сөйлеу саған жараспайды.

      – Заман солай сөйлетіп тұр. Оған көнуіміз керек. Онсыз болмайды. Бірақ та орыстардың айтқанын жасай отырып, қазақ жағдайын да ұмытпау керек…

      Лау СКАЧАТЬ