Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 14

СКАЧАТЬ қойсаңыз қайтеді деді. Шоңның бұл сөзін ол жақтырмай қалды. Өйткені, оның көкейінде не тұрғанын білетін. Егер Телқозы айтқанын қолдаса Жанкелді тұқымдарының, анау пара беріп жүрген адамдардың бәрі би болатынын Шоңның іші сезетін. Соған орай, әкесінің айтқанын жүре тыңдап сыртқа шығып кететін. Телқозы байқағыш, аңғарғыш адам еді, Шоңның ренжіп қалғанын бірден сезіп, үндемей қала береді. Шоңның көнілі-күйі түзелген шаманы байқап жүріп, өзінің үйреншікті сөзін бастайтын қайтадан.

      Шоңның өзі де биге бірнеше адамды өткізіп алуды ойлап жүрген. Көңілінен шығып жүрген бірнеше адам бар еді. Бірақ бәрін бірден өткізуге болмайды. Шама-шарқынша екшеп, байқап өткізу керек. Көп адамды алып келгенді ояз да жақтырмайтынын білетін. Соған орай Шоңның өз ойы бар еді, бірақ бұл туралы тіс жарып әкесіне де айтпаған. Ондай адамдар ішінде жүретін. Бүгін әкесінің үйреншікті әдетіне айналған сөзінен кейін ойланып қалды да:

      – Казір қазақта не көп, би көп. Көпшілігі ақылымен емес, байлықтың арқасында би болып алған. Сіз көрінгенді әкеп маған тықпалай бермеңіз, – деді.

      Телқозы баласының мына сөзін ұнатпай, ренжіген рай танытып, дастархан басынан тұрып кеткен. Әкесі кетіп, дастархан басында жалғыз қалған. Шоңның Телқозы айтқан адамдардың көпшілігінің би болуын көңілі қаламайтын. Айтып жүрген адамдары ел арасында сыйлы болса да, көбісі Шоң ойынан шықпайтын. Содан кейінге сырғыта беретін. Айтар ойы бар адамдарды сайлатып алғысы келеді. Болыс болып келгелі бірталай уақыт өтсе де әлі билікке бір адамды да өткізбеген. Әзірге әлі де ойда жүрген еді.

      Шоң үйде біраз отырып тысқа шықты. Сыртта біраз жүріп үйге оралса үйде Әлсен отыр. Күміс дастархан жасап қойыпты. Шай қайнап тұр. Баяғыда Күміс келін болып түскенде алып келгендердің бірі осы Әлсен еді, келіннің бірінші бетін ашқан ыстық болады дейді қазақ. Сол шындық болуы керек, Әлсен келгенде Күмістің жаны қалмайтын. Шайын жасап, қазанын көтеріп есі шығады да жатады. Шоң оны осында келгелі байқап жүр. Мына дастархан жасасы да соның белгісі еді. Әлсен де бұрынғыдай емес, Шоңның болыс болып келгенін сыйлай ма, әйтеуір, бұрынғы еркіндік жоқ, байқап-байқап сөйлейді. Шоң «жай жүрсін бе» деп сұраған еді одан.

      – Мені Телекең шақыртып жіберіпті. Жаңадан билер сайлайды дейді ғой, соған сенімен ақылдасқалы келдім.

      Телқозының Әлсенді шақыруында сыр бар еді, өйткені би болуға өнкей қаусаған шалдар тілек айтып келіп жүретін. Олар тым көп еді. Телқозы да ақылды адам еді, ондайлардың айтқанына жығыла бермейтін, қулықпен сөйлейтін: «Анау ояз айтады екен, билер жас болсын, жергілікті билердің алдынан өтпес бұрын маған әкел деп жүрген көрінеді. Сонсоң Шоң ешкімді өткізе алмай отыр ғой» дейтін. Телқозының мазасын алып жүрген жастардың бірі Әлсен еді. Келген сайын Телқозының миын жейтін. Төрт-бес тәуір жылқысын да, Шоңға сездірмей әкеп тастаған. Телқозы соған құлап қалған. Ол жақсы білетін, кейбір билер өзімен теңдесіп төрде отырған жастарды ұнатпайтын. Би болуға шаштары ағарған карттар құмар еді. Телқозы СКАЧАТЬ