Қышқылдық-негіздік әрекеттесу негіздері курсы бойынша әдістемелік нұсқау. Назгүл Дaлaбaевa
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қышқылдық-негіздік әрекеттесу негіздері курсы бойынша әдістемелік нұсқау - Назгүл Дaлaбaевa страница 10

СКАЧАТЬ және көптеген қышқылдарда да ерімейді. Химиктер бұл жағдайды ескеріп, сульфат иондарға сапалық реакцияны жасады. Егер соңғылары ерітіндіде болса, онда барийдің кез келген еритін тұзын қосқан кезде, сәйкесінше сілтілерде де қышқылда да ерімейтін, барийдің ақ тұнбасы BaSO4 түзіледі.

      Барий сульфатының жоғары инерттілігін химиктер кейбір тұрақсыз қосылыстарды синтездегенде кең қолданады. Мысалы, бәріне белгілі пергидрольді (сутек пероксидінің 30 %-дық ерітіндісі) сулы ерітіндіде алмасу реакциясы арқылы алады:

BaO2 + H2SO4 = BaSO4↓ + H2O2

      Бұл кезде барий сульфаты практика жүзінде толық тұнбаға түседі, ал ерітіндіде таза сутек пероксиді қалады. Поликүкіртсутек, полиселенсутектер мен полифосфиндер және т.б. осылай алынған.

      Қазіргі уақытта күкірт қышқылын әлем бойынша өндіру шамамен жылына 135 млн тоннаға жетеді және бұл көрсеткіш жыл сайын артуда.

      Күкірт қышқылын әр түрлі мемлекетте әр түрлі алады. Көбінесе күкіртті немесе әр түрлі металдардың сульфидтерін күйдіреді және түзілген күкірт (IV) оксидін күкірттің (VI) оксидіне дейін ауадағы оттекпен немесе азот оксидімен тотықтырады. Соңғы жағдайда қыздырылған өршіткісі бар (Pt немесе V2O5) контакталық аппаратты қолданады. Контакталық аппараттан шыққан күкірттің (VI) оксидін концентрлі күкірт қышқылында ерітіп, алынған олеумды тұтынушыларға жеткізеді. Олеумды сумен абайлап араластырып, қажет концентрациядағы қышқылды алады.

      Табиғатта күкірт қышқылы бос күйінде кездеспейді, себебі ол химиялық белсенді, көптеген металдармен, бейметалдармен, оксидтермен, гидроксидтермен және тұздармен жақсы әрекеттеседі. Сондықтан да күкірт қышқылының Жердегі пайда болған жері табылмаған. Бірақ оны өндірудің «табиғи зауыттары» бар екен. Бұны 30-шы жылдары белгілі кеңестік геохимик А.Е. Ферсман бекіткен. Қарақұм шөлінің ортасынан құрамы құмның қоспасы мен күкірттен құралған көптеген дөңдерді анықтайды. Геологтар күкірттің көптеген үлгілерін жинап алады. Мұндай жағдайда үлгілерді қағазға орап, заттаңбамен жабдықтап, жәшіктерге салады. Экспедицияны бітіріп, оларды Ленинградқа жібереді. Келген үлгілерді жиап жатқан кезде, көптеген заттаңбалар желініп кетіпті, жәшіктер болса күйген, ал күкірт бөлігі бар кейбір жерлерден май сияқты сұйықтық тамшылаған. Бұл сұйықтықты талдау нәтижесі оның күкірт қышқылы екенін көрсеткен.

      Оның шешімі тез-ақ келген. Табылған күкіртті дөңдер – күкірт қышқылының табиғи өндірушілер екені белгілі болды. Ыстық шөл жағдайында қарқынды күн радиациясынан түзілген, атомдық оттек әсерінен, күкірт тез-ақ күкірттің (IV) оксидіне, сосын күкірттің (VI) оксидіне тотығады. Мұнда құмның құрамындағы металл оксидтері катализатор қызметін атқарады екен. Алынған күкіртті ангидрид түнгі ылғалды қызғана жұтып, тез-ақ қышқылға айналады. Табиған күкірт қышқылын осылай өндіреді. Осындай зауыттар мыңдаған жыл бойы болғанымен, өзендердегі таза күкірт қышқылын табу мүмкін болмады. Топырақпен әрекеттесіп, қышқыл сульфатқа айналады, СКАЧАТЬ