Білім беру аймағындағы конфликтология. Әлия Құдайбергенова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Білім беру аймағындағы конфликтология - Әлия Құдайбергенова страница 5

СКАЧАТЬ тапқа бөлінуін мәңгілік жағдай деп ойлады: барлық мемлекеттік қызметтерді өз мойнына алатын және осыдан туындайтын артықшылықтарды пайдаланатын үстемдік ететін «саяси тап» және басқарылатын тап – дұрыс ұйымдастырылмаған көпшілік. Моска билік ешқашан халық билігі бола алмайды, ол тек халық мүддесі үшін қызмет етуі мүмкін деп есептеді.

      Қоғамдық даму үдерісіндегі маңызды орынды француз әлеуметтанушысы және философы Жорж Сорель (1847 – 1922) саяси күрес пен күштеуге берді. Ол күштеуді басқарудың негіз болатын формасы және тарихтың жоғары шығармашыл бастауы деп қарастырды.

      Конфликтің біршама өзгеше типтегі саяси тұжырымдамасын Германияда Франц Оппенгеймер (1864 – 1943) жасап шықты. Оны мемлекеттің шығу тегі және онда болатын әлеуметтік үдерістердің ерекшеліктері секілді мәселелер ерекше қызықтырды. Таптардың пайда болуын түсіндіруші және мемлекет теорияларын әлеуметтік, экономикалық дамудың ішкі факторларымен өткір сынға ала отырып, оларды теория мен практикадағы барлық социологиялық қастықтың қайнар көзі деп хабарлады.

      Еуропалық ойшылдардың теориясынан айырмашылығы бар саяси тұжырымдаманы америкалық Артур Бентли жасап шықты. Оны қоғамдағы саяси қызмет үдерісі ретіндегі саяси өмірдің өзі қызықтырды. А. Бентли тұжырымдамасының негізгі ұғымы топ түсінігі, сонымен қатар саяси топ болып табылады. Саяси топтар әрекет ете отырып, өз мүдделерін жүзеге асырады. Белгілі бір мүдделер тобының саяси өкілдері секілді саяси партиялар белгілі бір әлеуметтік қоршауда әрекет етеді, мұнда олармен бірге мүдделердің өзге де топтары әрекет етеді. Мүдделердің түрлі топтарының қақтығысынан қоғамның саяси өмірі қалыптасады.

      Сонымен, қоғам дамуының әлеуметтік-саяси және құқықтық тұжырымдамаларында ХІХ-ХХ ғасырларда конфликт проблематикасына деген теориялық қызығушылық анық болды, аталған проблематиканы талдау, негізінен, әлеуметтік дарвинизм және марксизм, батыстық әлеуметтану, саясаттану мен құқықтанудың әдіснамалық нұсқамалары базасында жүзеге асырылды.

      Аталған кезеңнің қоғамдық даму теориясында айтылған негізгі идеялар туралы пайымдай отырып, жалпыға бірдейлік қасиетіне ие және конфликтің заманауи тұжырымдамалары үшін өзектілігін сақтайтын идеяларды ерекше атап өту мақсатқа сай болады:

      1. Бұл конфликт қалыпты әлеуметтік құбылыс болып табылады дегенге берік сенім. Адам және қоғам табиғатына тән биологиялық, психологиялық, әлеуметтік және басқа да факторлар көптеген және түрліше конфликтік жағдайларды туғызады.

      2. Конфликтер қоғамдық даму үдерісінде бірқатар жағымды қызметтер атқарады. Олар қоғамдық өмірдің жалпы үдемелі қозғалысын қамтамасыз етеді, әлеуметтік құрылымдарды сақтауға, жалпыға маңызды нормалар мен әлеуметтік құндылықтарды бекітуге негіз болады.

      3. Аталған жағдайды туғызатын қоғамдық даму мен әлеуметтік құрылым типінің конфликтік жағдайы арасындағы байланыс пен тәуелділік мойындалады, яғни СКАЧАТЬ