Название: Білім беру аймағындағы конфликтология
Автор: Әлия Құдайбергенова
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-2157-8
isbn:
Конфликт төмендегі жағдайлар орын алған сәтте келеңсіз қызмет атқарады:
– ретсіздік пен тұрақсыздыққа алып келеді;
– қоғам бейбітшілік пен тәртіпті қамтамасыз ете алмайды;
– күрес күштеу тәсілімен жүргізіледі.
– конфликт нәтижесінде үлкен материалдық және рухани шығын болады;
– адамдар өмірі мен денсаулығына қауіп төнеді.
Көпшілік эмоциялық шиеленістерді және адамдардың әлеуметтік психологиялық тұрғыдан үйлеспейтіндігі нәтижесінде туындайтын конфликтерді жағымсыз деп тануға болады. Қажетті шешімді қабылдауды қиындататын конфликтерді де жағымсыз деп атаймыз. Жағымсыз салдар ұзаққа созылған позитивті конфликтіге ие болуы да мүмкін.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Сіз конфликтің қандай түрлерін білесіз?
2. Эмоционалды конфликт ерекшелігі неде?
3. Конфликтің даму сатыларын және тәсілдерін атаңыз.
4. Конфликті шешудің негізгі тәсілдерін атаңыз.
5. Конфликт институционализациясы дегеніміз не?
6. Әлеуметтік конфликтің негізгі қызметтерін атаңыз.
7. Әлеуметтік конфликт салдары қандай болуы мүмкін?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Здравомыслов А.Г. Социология конфликта. – М., 1995. – С. 90-91, 103.
2. Козер Л.А. Функции социального конфликта. Социальный конфликт: современные исследования. – М„ 1991. – С. 23-25.
3. Амелин В.Н. Социология политики. – М., 1992. – С. 149.
4. Бородкин Ф.М., Коряк Н.М. Внимание: конфликт! – Новосибирск, 1984. – С. 13, 18.
5. Введение в теорию международного конфликта. – М., 1996. – С. 17, 96.
6. Конфликт и пути его разрешения. – Куйбышев, 1990. – С. 8.
7. Конфликтные ситуации в трудовых коллективах и методы их разрешения. – Л., 1990. – С. 29-30.
8. Лысихин И.Е. Духовные факторы возникновения и обострения конфликтных ситуаций. Социальные конфликты: экспертиза, прогнозирование, технологии разрешения. – М., 1995. – Вып. 9. – Ч. I. – С. 46.
9. Сперанский В.И. Основные виды конфликтов: проблемы классификации // Социально-политический журнал. – 1995. – № 4. – С. 168.
10. Фишер Р., Юри У Путь к согласию или переговоры без поражения: пер. с англ. – М., 1992. – С. 28.
4. Конфликт динамикасы және механизмдері
4.1. Конфликтік жағдаят.
4.2. Әлеуметтік қысым.
4.3. Конфликт қатысушыларының психологиясы.
4.4. Конфликтің дамуы.
Конфликтік жағдаят дегенде әлеуметтік субъектілер арасындағы шынайы тайталасқа объективті түрде негіз болатын жағдайлардың тоғысуын түсінуге болады. Еңбек ұжымдарындағы түрлі конфликтік жағдаяттарды талқылай келе, Ф.М. Бородкин мен Н.М. СКАЧАТЬ