Еуропa жəне Aмерикa елдерiнiң қaзiргi зaмaн тaрихы (семинaр сaбaқтaры бойыншa əдістемелік кеңестер). Гүлжауһар Көкебaевa
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Еуропa жəне Aмерикa елдерiнiң қaзiргi зaмaн тaрихы (семинaр сaбaқтaры бойыншa əдістемелік кеңестер) - Гүлжауһар Көкебaевa страница 9

СКАЧАТЬ style="font-size:15px;">      Біздің бағдарламамыз баршаға ортақ бейбітшілік бағдарламасы болып табылады. Бұл бағдарлама, жалғыз ғана мүмкін бағдарлама, мынадай:

      1. Ашық талқыланған, жария бітімшарттары, олардан кейін қандай түрде де құпия халықаралық келісімдер болмайды, ал дипломатия үнемі ешбір қалтқысыз және барлығының көз алдында әрекет жасайтын болады.

      2. Халықаралық келісімдерді орындау үшін кейбір теңіздердің бір бөлігі немесе түгелдей халықаралық ретпен жабылған жағдайдан басқа, бейбіт уақытта да, соғыс кезінде де территориялық сулардан тысқары теңіздерде кеме қатынасының шексіз еркіндігі.

      3. Барлық экономикалық кедергілерді мүмкіндігінше жою, бейбітшілікті қолдайтын және сол үшін өз күштерін біріктіретін барлық ұлттардың саудасы үшін бірдей тең жағдайлар жасау.

      4. Ұлттық қару-жарақтың мемлекеттік қауіпсіздікке сай келетін ең төменгі шекке дейін қысқартылатындығына әділетті кепілдіктер.

      5. Барлық отарлық дауларды еркін, шын жүректен және мүлде алаламай шешу, ал егемендікке қатысты барлық мәселелерді шешуде халықтың мүдделі құқығы анықталуға тиісті, ол сол үкіметтің әділетті талаптарымен салыстырғанда бірдей салмаққа ие болуға тиісті деген қағидаға негізделеді.

      6. Орыс территорияларын босату және Ресейге қатысты барлық мәселелерді оған өзіндік саяси даму мен ұлттық саясатына қатысты тәуелсіз шешім қабылдауға толық және бөгетсіз мүмкіндік алу ісінде басқа ұлттардың тарапынан толық және еркін қолдауға және оның өзі таңдаған басқару бейнесімен еркін ұлттар қауымдастығына жарқын жүзбен қабылдауды қамтамасыз етуге кепілдік беретін түрде шешу. Қабылдаудан басқа, ол не нәрсені қажетсінеді, нені қалайды, соның бәрін мейлінше қолдау. Ресейге ұлттар, оның бауырлары тарапынан алдағы уақыттағы қатынас олардың ізгі сезімдерінің, оның мұқтаждықтарын түсінуінің және оларды өз мүдделерінен бөле білуі нің, сондай-ақ олардың даналығының және ілтипатының риясыздығының берік іргетасы болады.

      7. Бельгия оның басқа барлық еркін ұлттармен тең түрде пайдаланатын егемендігін шектеуге талаптану әрекетінсіз босатылуға және қалпына келтірілуге тиісті. Басқа ешқандай әрекет халықтардың арасында олардың өздері белгілеген және өзара қатынастарының жетекшілігі ретінде анықталған заңдарға деген сенімін қалпына келтіруге бұдан артық қызмет жасай алмайды. Осы сауықтырушы әрекетсіз халықаралық құқықтың жасалуы мен бүкіл әрекеті мүлде жеңіліске ұшырайды.

      8. Бүкіл француз территориясы босатылуға және басып алынған бөліктері қайтарылуға тиісті, ал Пруссияның ЭльзасЛотарингияға қатысты Францияға 1871 жылы жасаған, баршаға ортақ бейбітшілікті 50 жыл бойына бұзып келген зұлымдығы бейбіт қатынастарды баршаның мүддесіне орай қайта қалпына келтіру үшін түзетілуге тиісті.

      9. Италияның шекараларын түзету айырмашылығы айқын көрінетін ұлттық шекаралар негізінде жүргізілуге тиісті.

      10. СКАЧАТЬ