Еуропa жəне Aмерикa елдерiнiң қaзiргi зaмaн тaрихы (семинaр сaбaқтaры бойыншa əдістемелік кеңестер). Гүлжауһар Көкебaевa
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Еуропa жəне Aмерикa елдерiнiң қaзiргi зaмaн тaрихы (семинaр сaбaқтaры бойыншa əдістемелік кеңестер) - Гүлжауһар Көкебaевa страница 8

СКАЧАТЬ жасау басты төрт держава арасындағы шиеленіскен күрес жағдайында жүрді. Оның үстіне бұрынғы Австро-Венгрия империясы ыдыраған соң пайда болған ұсақ мемлекеттердің арасындағы шекаралардың анық болмауы да үлкен айтыс туғызды. Соның нәтижесінде осы мемлекеттердің жоғарыда аталған бітімшарттарында белгіленген жасанды шекаралары кейіннен үнемі қақтығыстардың туып отыруына негіз болды.

      Австриямен бітімшартына 1919 жылы 10 қыркүйекте Париж түбіндегі Сен-Жермен-ан-Лэ деген жерде, ал Болгариямен бітімшартына 1919 жылы 24 қарашада Нейи-сюр-Сенде қол қойылды.

      Венгриямен бітімшартын жасау Венгрияда Советтік республика орнауына байланысты кейінге қалдырылды. Конференцияға қатысушылар ең алдымен Венгрия Советтік Республикасын тұншықтыру керек деп шешті. 1919 жылы 1 тамызда интервенттер мен ішкі контрреволюция бірігіп, Венгриядағы совет өкіметін құлатты. 1920 жылы 4 маусымда Үлкен Трианон залында Хорти үкіметі бітімшартына қол қойды.

      Конференцияда бұрынғы Осман империясының иеліктерін бөлісу іске асырылды. Бұл мәселені негізінен «Үлкен үштік» (В. Вильсон, Лл. Джордж, Ж. Клемансо) іске асырды.

      Италияның да бұл иеліктерге белгілі бір мүдделері болған еді, бірақ ірі державалар мүлде елемей қойды. 1920 жылы 10 тамызда Париж түбінде Севр деген жерде Түркиямен бітімшартына қол қойылды.

Версаль бітім жүйесінің сипаты және ішкі қайшылықтары

      Жоғарыда аталған барлық бітімшарттары бірігіп, Версаль бітім жүйесін құрайды. Версаль бітім жүйесі бірінші дүниежүзілік соғыстың нәтижелерін қорытындылады, бірақ сол соғысты тудырған империалистік қайшылықтарды жойған жоқ, оның үстіне жаңа қайшылықтар туғызды. Париж конференциясы жүріп жатқан кезде-ақ жеңімпаз державалар арасында терең қайшылықтар бар екенін, олардың ортақ тіл табуы оңайға түспейтінін В.И. Ленин атап көрсеткен болатын. Версаль бітім жүйесі антисоветтік, антидемократиялық сипатта болды. Ол миллиондаған адамдарды отарлық құлдықта ұстау жүйесін заңдандырды. Версаль бітім жүйесі өзінің осындай ішкі қайшылықтарына орай тұрақсыз сипатта болды, мұның өзі көп ұзамай-ақ бітім жүйесінің бұзылуына әкелді.

Вашингтон конференциясы

      Вашингтон конференциясы әскери-теңіз қаруларын шектеу және Қиыр Шығыспен Тынық мұхиты аймағындағы қатынастарды реттеу мақсатымен шақырылды. Конференция жұмысы үш негізгі келісімдерге қол қоюмен аяқталды. «Төрт мемлекет келісімі» (Англия, АҚШ, Франция, Жапония) оған қол қойған мемлекеттердің Тынық мұхиты аймағындағы аралдық иеліктерінің ешкімнің қол сұқпайтынына кепілдік берді. «Бес мемлекет келісімі» (Англия, АҚШ, Франция, Жапония, Италия) су сыйымдылығы 35 мың тоннадан асатын әскери кемелер жасауға тыйым салды және осы мемлекеттердің әскери-теңіз флотының (линкорлар бойынша) арасалмағын 5:5:3:1,75:1,75 ретімен белгіледі. Бұл американ дипломатиясының үлкен табысы болды. АҚШ американ теңіз қаруларының ең ірі кемелер категориясы бойынша «теңіз билеушісі» Англиямен теңесуіне қол жеткізді. Англия

      АҚШ-тың теңдігін мойындауға мәжбүр болды, ал АҚШ үшін бұл ыңғайлы еді, өйткені Панама мойнағынан су СКАЧАТЬ