Еуропa жəне Aмерикa елдерiнiң қaзiргi зaмaн тaрихы (семинaр сaбaқтaры бойыншa əдістемелік кеңестер). Гүлжауһар Көкебaевa
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Еуропa жəне Aмерикa елдерiнiң қaзiргi зaмaн тaрихы (семинaр сaбaқтaры бойыншa əдістемелік кеңестер) - Гүлжауһар Көкебaевa страница 7

СКАЧАТЬ үшін қажетті әскери санкция қолдану мүмкіншілігіне ие болған жоқ, өйткені осы ұйымға тікелей бағынатын арнаулы әскер бөлімдері болған жоқ. «Ұлттар лигасының өзі дүниеге тіссіз, қызылиек болып келді, – деп жазды ағылшын тарихшысы Н. Дэвис, – АҚШ соғыстан кейінгі Еуропаны реттеуге қатыспай қойды, Англия өз жайына кетті, Франция Еуропадағы полицей рөлін жалғыз өзі атқарудан жасқанды. Осылайша реттеуден жәбір көргендер Еуропаның соғыстан кейінгі құрылымына күдік білдіру ешқандай жазаға ұшырамайтынын жылдам түсінді».

      Ресейдің конференцияға қатысу-қатыспауы туралы мәселе конференцияның ресми түрде ашылуынан үш ай бұрын қойылды. Бұл мәселені талқылау Англия мен Франция арасында ноталар алмасу және ауызша әңгіме түрінде жүргізілді. 1919 жылы 12 қаңтарда 10-дық Кеңес мәжілісінде «орыс мәселесін» талдау басталды. Кеңес Ресей конференцияға шақырылмайды деп шешті. Алайда 13 қаңтардағы мәжілісте бұл мәселе қайта қаралып, Ресейдің конференциядағы өкілдігі туралы мәселені Ресейге қатысты саясат мәселесімен бірге қайта қарау керек деп келісті. Осыдан кейін Париж бітім конференциясында «орыс мәселесін» жалпы талқылау басталды. Бітім конференциясында қандай «орыс мәселесі» талқыланғандығын түсіну үшін 1917 жылғы 23 желтоқсандағы ағылшын-француз келісімінің мазмұнымен, Вильсонның «14 пунктінің» 6-пунктіне берген полковник Хауздың түсініктемесінің мазмұнымен және 1919 жылы 16 қаңтарда 10-дық Кеңес мәжілісінде Ллойд Джордждың сөйлеген сөзімен танысу қажет.

      Бұл мәселені мынадай тезистер бойынша талдап-оқу тиімді болады: а) Ресейдің Париж конференциясындағы өкілдігі туралы мәселе; б) «Орыс мәселесі» бойынша конференция барысындағы жалпы дискуссия; в) 10-дық Кеңестің 1919 жылғы 22 қаңтардағы «Орыс саяси топтарына Үндеуі», Принц аралдарына шақыру; г) Буллиттің Кеңестік Ресейге сапары; д) Кеңестік Ресейге интервенция жасау туралы мәселе; е) Экономикалық блокада ұйымдастыру туралы мәселе; ж) Ресей территориясындағы герман әскерлері туралы мәселе.

Париж конференциясында Герман мәселесін талқылау

      Герман мәселесін талқылау 10-дық Кеңестің 1919 жылғы ақпанның басындағы мәжілістерінде басталды. Бұл – конференциядағы ең бір шиеленіскен күрес үстінде талқыланған даулы мәселе. Оның үстіне аталған мәселе Германиямен уақытша бітімді жаңа мерзімге ұзарту туралы мәселемен бірге қаралды да, бұл жағдайды одан әрі күрделендіріп жіберді. Конференцияда басты үш держава – АҚШ, Англия, Францияның арасындағы қайшылықтар герман мәселесіне байланысты өте айқын көрінді. Ең алдымен студент аталған мемлекеттер герман мәселесіне байланысты ұсыныстарды қандай мақсаттардан туды, қандай перспективаларды көздеді деген сұрақты анықтап алуы керек. Америка Құрама Штаттарының мақсат-мүдделерін талдауды Е.И. Попованың (29-39 б.) және Н.С. Индукаеваның (56-114 б.) зерттеулерінен, ал Англия мен Францияның мақсаттары туралы Б.Е. Штейннің ағылшын зерттеушісі Б.М. Джорданның еңбегіне жазған алғы сөзінен табуға болады. Үш ірі державаның әрқайсысының өзіндік мақсаттарын талдау СКАЧАТЬ