Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы. А. Турлыбекова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы - А. Турлыбекова страница 23

СКАЧАТЬ акция – бұл акцияның түрін еншілес кәсіпорындар шығаруы мүмкін. Бұл жағдайда дивидендті төлеу жоғары тұрған ұйымның беделімен кепілдендіріледі. Бұл еншілес кәсіпорындардың шығарған акцияларына инвесторларды тартуға мүмкіндік береді.

      1. «Алтын акция» – құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшының шешімі) немесе акционерлердің жалпы жиналысы жарғылық капиталды қалыптастыруға және дивидендтер алуға қатыспайтын «алтын акцияны» енгізуі мүмкін. «Алтын акция» иесі акционерлердің жалпы жиналысының, директорлар мен атқарушы органның шешімдеріне қоғам жарғысында белгіленген мәселелер бойынша вето қою құқығы болады. «Алтын акция» куәландырған вето қою құқығы басқаға берілмеуі тиіс. (Акцияның жіктелімі 4-кестеде берілген).

4-кесте

      Акцияның жіктелімі

      5.3 Акция бойынша дивиденд төлеу тәртібі

      Дивиденд (лат. dіvіdendum – бөліске түсемін) – акционерлік қоғам пайдасынан акционерлерге акциясының құны мен мөлшеріне сәйкес жыл сайын төленетін табыс.

      Дивиденд – акционердің өзіне тиесілі акциялары бойынша жыл сайын төлеп отыратын және акционерлер арасында бөлінетін акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігі.

      Қоғамның акциялары бойынша дивидендтер төлеу төлем агенті арқылы жүргізілуі мүмкін. Төлем агентінің қызметіне ақы қоғам есебінен төленеді.

      Орналастырылмаған немесе қоғамның өзі сатып алған акциялар бойынша, сондай-ақ егер сот немесе қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қоғамды тарату туралы шешім қабылдаса, дивидендтер есептелмейді және төленбейді. Жай және артықшылықты акция бойынша дивиденд төлеу тәртібінің ерекшеліктері 5-кестеде берілген.

5-кесте

      Жай және артықшылықты акция бойынша дивиденд төлеу тәртібі

      Мынадай жағдайларда қоғамның жай және артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеуге жол берілмейді:

      1. жарғылық капиталдың мөлшері толығымен төленбеген жағдайда;

      2. Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңына сәйкес қоғамның төлем қабілетсіздігі немесе дәрменсіздік белгілері анықталған жағдайда немесе аталған белгілер қоғамның акциялары бойынша дивидендтерді төлеу нәтижесінде пайда болса;

      3. сот немесе акционерлердің жалпы жиналасында қоғамды тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда;

      4. орналастырылмаған акциялары бойынша.

      Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар өз акциялары бойынша дивидендтерді есептемейді және төлемейді.

      Акционер қоғам берешегінің жиналып қалу мерзіміне қарамастан, алынбаған дивидендтерді төлеуді талап етуге құқылы.

      Дивидендтер оларды төлеу үшін белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда акционерге дивидендтердің негізгі сомасы және ақша міндеттемесін немесе оның тиісті бөлігін орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландырудың ресми ставкасын негізге СКАЧАТЬ