Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы. А. Турлыбекова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы - А. Турлыбекова страница 20

СКАЧАТЬ бірге басқару үдерісінің барлық құрамдас бөліктері бір-бірімен тығыз байланысты.

      Портфельді басқару үдерісі портфельдің инвестициялық сапасы мен құрамын сақтауға бағытталған қымбат, әрі еңбекті көп қажет ететін, үздіксіз бөлшектеп талдауды жүзеге асыратын басқарудың бір элементі – мониторинг болып табылады. Мониторинг инвестициялық қаржылардан түсетін табыстың көлемін болжауға және бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды интенсификациялауға (арттыруға) мүмкіндік береді.

      Мониторинг бағалы қағаздар портфелін басқарудың активті және пассивті басқару модельдері арқылы жүзеге асырылады.

      Бағалы қағаздар портфелін активті басқару моделі мынадай қадамдар арқылы жүргізіледі:

      1. Бағалы қағаздарды іріктеу. Тиімді бағалы қағаздарды сатып алу, тиімсіз бағалы қағаздарды сату;

      2. Жаңа портфельдің табыстылығы мен тәуекелін есептеу;

      3. Жаңа және бұрынғы қалыптасқан портфельдің тиімділігін салыстыру;

      4. Жаңа портфельді қалыптастыру.

      Бағалы қағаздар портфелін пассивті басқару моделі мынадай қадамдар арқылы жүргізіледі:

      1. Минималды қажетті табыстылықты анықтау;

      2. Жақсы әртараптандырылған портфельге бағалы қағаздарды іріктеу;

      3. Портфельді оптимизациялау;

      4. Табыстылықтың төмендеу себебін анықтау;

      5. Жаңа портфельді қалыптастыру.

      Басқарудың активті моделі портфельдің инвестициялық мақсатына жауап беретін құралдарды тез арада сатып алу және нарықтағы болып жатқан өзгерістердің портфельге әсерін мұқият қадағалауды білдіреді. Активті басқаруды жүзеге асыратын менеджер табысы төмен активтерден тез арада құтылып, неғұрлым тиімді бағалы қағаздарды сатып алуға ұмтылуы қажет. Портфельдің инвестициялық қасиеті мен портфель құнының төмендеудін жібермеу қажет, сонымен қатар жаңадан қалыптасқан портфелдің құнын, тәуекелін, табыстылығын және өзге де инвестициялық сипаттамаларын табысы төмен бұрын қалыптасқан портфельмен салыстырмалы талдау жасау қажет.

      Басқарудың пассивті моделінің сапасы жоғары, тәуекел деңгейі төмен, ұзақ мерзімге эмиссияланған бағалы қағаздардан қалыптасқан портфельді басқаруда тиімді модель болып табылады. Мысалы, мемлекеттік облигациялардан қалыптасқан портфельді басқару.

      Портфельдің типіне қарай басқарудың тактикасы қолданылады.

      Активті және пассивті басқару моделі клиенттің қаражаты есебінен немесе екіжақты келісілген келісімшарт негізінде жүзеге асырылуы мүмкін. Активті басқаруда қомақты шығын және арнайы мамандандырылған мекеменің болуы қажет. Бұл мекеме клиенттің бағалы қағаздар портфелінің құрылымына, бағалы қағаздарды сату және сатып алуға және инвестордың қаражатын басқаруға байланысты барлық мәселелерді қарастырады.

      Бағалы қағаздар портфелін басқарушы менеджер өзінің біліміне негізделе отырып және өзі таңдаған стратегиясы негізінде тиісті операцияларды жүзеге асырады. СКАЧАТЬ