Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы. А. Турлыбекова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы - А. Турлыбекова страница 18

СКАЧАТЬ бар. Тік сызықтың төменгі және жоғарғы шекаралары ең төменгі және ең жоғарғы бағаны сипаттайды. Сол жақ перпендикуляр бағаның ашылуын, ал оң жақ бағаның жабылуын білдіреді. Сонымен, гистограмма кестесінің дұрыс қалыптасуы үшін әр кезеңде төрт баға болуы қажет. Гистограмма кестесі 4-суретте көрсетілген.

      4-сурет. Гистограмма кестесі

      Бақылау сұрақтары

      1. Бағалы қағаздар нарығының мәнін қалай түсінесіз?

      2. Бағалы қағаздар нарығының атқаратын қызметтерінің мәнін ашыңыз.

      3. Бағалы қағаздар нарығының жіктелімін беріңіз.

      4. Бағалы қағаздар нарығының құрамдас бөліктерін атаңыз.

      5. Алғашқы және қайталама бағалы қағаздар нарықтарының айырмашылықтарын атаңыз.

      6. Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарықтарының айырмашылықтарын атаңыз.

      7. Биржалық және биржадан тыс нарықтарының айырмашылықтарын атаңыз.

      8. Дәстүрлі және компьютерлендірліген нарықтардың айырмашылықтарын атаңыз.

      9. Бағалы қағаздар нарығының қатысушыларын атаңыз.

      10. Бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының мәнін түсіндіріңіз.

      11. Бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының жіктелімін беріңіз.

      12. Тәуекелдің мәні мен түрлерін сипаттаңыз.

      13. Жүйелік тәуекелдің жіктелімін беріңіз.

      14. Жүйелік емес тәуекелдің жіктелімін беріңіз.

      15. Бағалы қағаздар нарығын талдаудың түрлерін сипаттаңыз.

      16. Техникалық талдаудың қағидаларын атаңыз.

      17. Техникалық талдау мен түпкілікті талдаудың бір-бірінен айырмашылығын түсіндіріңіз.

      18. Техникалық талдауда қолданылатын кестелердің түрлері.

      3-тапсырма. Термин – анықтама

      Сол жақ бағандағы терминді оң жақ бағандағы анықтамамен сәйкестендіріңіз.

      4 – ТАРАУ

      БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ПОРТФЕЛІН БАСҚАРУ

      4.1 Бағалы қағаздар порфелінің мәні

      Қор нарығының әлемдік тәжірибесінде қалыптасқан инвестициялық портфель – басқару объектісі болып табылатын жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі бағалы қағаз түрлерінің жиынтығын білдіреді.

      Бағалы қағаздар протфелі – бағалы қағаздар нарығы субъектісінің меншігіндегі немесе басқаруындағы әртүрлі бағалы қағаздардың жиынтығы.

      Бағалы қағаз портфелін қалыптастыру барысында оның құрамы мен құрылымын өзгерту арқылы басқарушы менеджер тәуекел мен табыстың арақатынасы негізінде жаңа инвестициялық сапаны қалыптастырады.

      Қалыптастырылған бағалы қағаздар портфелі – тәуекел дәрежесі мен табыс деңгейіне, қамтамасыз етілуіне қарай корпоративті облигациялар мен акциялардың және өзге де бағалы қағаздардың жиынтығын білдіреді. Бағалы қағаздар портфелінің құрылымын СКАЧАТЬ